Пікір қалдыру
Мен, Черепанов Андрей Владимирович, KAZ Mineral Bozshakol компаниясында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бойынша үйлестіруші болып жұмыс істеймін. Біздің компания мыс кенін өндіріп және өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі және қазақстандық индустрияның флагманы (көшбасшысы) болып табылады. Компанияның бөлішелерінде 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Экономикалық және стратегиялық маңыздылығы бойынша кәсіпорын АҚ бойынша санатқа жатқызылған. Сондықтан да, компания басшылығы, басшылық құрамынан бірнеше адамды АҚ РОӘО -ға оқуға жіберді. Бұл орталықпен бізді өте тығыз іскерлік қарым - қатынас байланыстырады. Біздің компанияда соңғы жылдары Азаматтық қорғау жән азаматтық қорғаныс бойынша орталықта оншақты адам білім алды. Менің әріптестерімде осы бір Орталық туралы жылы және жақсы естеліктер қалды. Мен де елімізге танымал Орталықта оқуға жақында мүмкіндік алған болатынмын.
Бұл семинар – тренингке дейін мен азаматтық қорғау жүйесі мен АҚ (азаматтық қорғаныс) іс-шаралары туралы түсінігімнің аз болғанын мойындаймын. Оқу барысында, мен, азаматтық қорғаныстың барлық аспектілері бойынша өте көп пайдалы ақпаратты алдым. Әртүрлі көздерден – оқытушылардың жоспарланған білімді дәрістері, бейнематериалдар, оқытушы компьтерлік программалар, топтағы әріптестердің тәжірибесі. Бес оқу күні, менің меңгеріп жатқан жаңа қызметімдегі ең өнімді уақытым деп санаймын!
Орталықтың барлық ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Аудиторияны ұйытып тыңдата алған, материалдарды өте сауатты жеткізе алған, әр адамнан «тұлғаны» көре алған оқытушылар құрамына ерекше рахметімді айтамын.
Оқытудың ыңғайлы үлгісі, қызықты және көкейкесті дәрістер, пайдалы материалдар, міне осының барлығын АҚ-ны ұйымдастыру және іс-шараларын енгізу кезінде тәжірибелік іс-әрекетте пайдалануға болады, бөлімдер бойынша білімді тексеру тәсілі ретінде аралық тестер ұнады, өзіңнің қателеріңді көруге болады, материалды тағы да бір рет қарап шығып, бағаны жоғарлатуға мүмкіндік аласың, яғни өзінің мамандығы бойынша білім дәрежесін жоғарлатқысы келетіндер үшін, барлық жағдай жасалынған.
Мен үшін курстағы тәжірибелік сабақтар ең маңызды болды, барлығын нақты түсіндіру, көп нәрсенің жауабын берді. Сабақтарды тыңдау, жағымды болды, ол жақсы эмоция қалдырды. Әсіресе «АҚ жүйесін бейбіт уақыттан соғы уақытына ауыстыру» тақырыбы бойынша штабтық жаттығуды бөліп айтқым келеді. Әр тыңдаушы (оқушы) шартты санатталған объектінің лауазымды қызметкері болып тағайындалды. Әр топқа ұсынымнан дұрыс іс-шараларды таңдап, АҚ-ның объектілік жүйесін бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру міндеті қойылды. Өте қысқа уақытта АҚ-ның дайындық дәрежесі бойынша барлық іс-шараларды орындау керек болды. Біздің команда шектеулі уақытта бәрін жасап үлгерді, сонымен қатар аралық тапсырмаларды сәтті орындады, мысалы: газқағарды кию, АҚ бойынша дабылдағы іс–әрекет. Біз сөзбен айтқанда, АҚ семинары қызықты өтті, барлық сабақтар интерактивті форматта болды.
Семинар-тренинг ұйымдастырушыларына үлкен алғыс айтқым келеді. Бәрі сауатты, қолжетімді, ізгі ниетпен болды! Біздің компанияның және жеке өзімнің атымнан Орталық ұжымына сәттілік, отбасына бақыт және денсаулық тілеймін!
Құрметті «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының» әріптестері!
Оқу процесін құруда қолданылатын жаңа құралдарды үйрену және тану мүмкіндігі үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Оқу сыныптары, мультимедиялық құралдар, көрнекі құралдар және оқу процесінің басқа да оң элементтері тыңдаушыларға сабақтарды жақсы меңгеруге көмектесті. Әдемі безендірілген кітапханадан азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы көптеген қызықты ақпараттар алдық.
Сіздің жоғары білікті оқытушылар құрамыңыз өздерінің ынта-жігерімен жеке тұлғаларды командаларға біріктіріп, олардың жұмысын ауқымды шығармашылық қызметке айналдырды. Оқытушылар тыңдаушылардың барлық сұрақтарына, әсіресе түсінікті түрде, толық жауаптар берді. Бұл орталықтың оқытушылар құрамының сауаттылығын тағы да көрсетеді.
Дәріс, практикалық сабақтардың үйлесуі біздің санамызға терең енген және кәсіпорынның жұмыс алаңдарында қолданылатын негізгі тезистерді анықтауға көмектесті. Әсіресе, тәжірибелік сабақтар бәрінің есінде қалды, онда біз командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары рөлінде ТЖ жою бойынша шартты жұмыстар жүргіздік. Мен шартты қаланың эвакуациялық комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалдым. Эвакуациялық іс-шараларды өткізу бойынша менің есептеулерім дұрыс болды және соңында өте жақсы баға алдым.
Сіздердің оқыту әдістемелеріңіз бен әдістеріңізді тарату білім беру қызметтерінің жоғары сапасының белгісі ретінде басқа оқу орындарында да қолданылуға тиіс.
Сабақ барысында, бізге Орталық жақында сайтта жаңа контентті іске қосатыны туралы ақпаратты берді. Азаматтық қорғау бойынша жеке интернет-ресурстың болуы жақсы болар еді. Практикалық жұмыста бізге қажетті материалдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, басқа да оқу құралдарын іздеп, компьютерде ұзақ уақыт өткізуге тура келеді. Өйткені, менің лауазымым кадрларды даярлау мен оқытумен байланысты. Сабаққа мұқият дайындалу үшін біз интернет кеңістігінде қажетті материалдарды іздейміз. Осыған байланысты біз қымбат уақытымызды жоғалтамыз. Кейде табылған және жүктелген материалдар әдістемелік тұрғыдан сапасыз. Енді интернет ресурстың көмегімен кез келген уақытта және қолжетімді нысанда азаматтық қорғаудың барлық аспектілері бойынша барлық материалдармен танысуға болады. Әсіресе, бұл біздің компанияның оқу-курстық комбинатының қызметкерлері үшін өте практикалық пайдалы. Сонымен қатар, осы контенттен біз жұмыста сабақ өткізу үшін слайд материалдарын жүктей аламыз. Орталықтың слайд материалдары өте жоғары деңгейде орындалған, тақырыптың барлық оқу сұрақтарын ашады. Оларды конспект ретінде қауіпсіз пайдалануға болады. Сондай-ақ оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу барысында контенттен үлкен практикалық пайда болады. Әр жаттығу үшін шаблондар көрсетілген нақты нұсқаулар бар. Бір сөзбен айтқанда, барлығы түсінікті түрде көрсетіліп, түсіндірілді.
Жалпы, АҚ РОӘО қазіргі уақытта 60 жылдық тарихы бар халықты даярлау және оқыту саласындағы өзіндік бренд болып табылады. 60 жыл-бай тәжірибе, бұл қалыптасқан дәстүр. Мен осы орталықта білім алғаныма қуаныштымын. Менің білімім жаңа және көптеген ақпаратпен толықтырылды.
Ұжымыңызға гүлдену, даму, кәсіби жетістіктер, зор денсаулық және амандық тілеймін.
АҚ бойынша қажетті біліммен сусындадық!
Мен, Омаров Ержан Нуридинович «Қаражанбасмұнай» АҚ-да бірнеше жыл бойы азаматтық қорғаныс бойынша жетекші маман болып жұмыс істеймін. Шынайы айтатын болсам, АҚРОӘО - да АҚ саласы бойынша оқуды өтпес бұрын, мен «азаматтық қорғаныс», «соғыс уақыты», «соғыс жағдайы» сияқты, сонымен қатар АҚ саласы бойынша басқа да терминдер түсініктерінің мағынасын түсінбегенмін. АҚРОӘО - мен ұйымдастырылған АҚ бойынша семинар-тренингке қатысқанымда, Орталық оқытушыларының арқасында, осы терминдердің мәні мен мазмұнын өзім үшін айқындап алдым.
Азаматтық қорғау саласы бойынша біліктілікті арттыруға бағыттау арқылы, біздің объектінің басшылығы АҚ мемлекеттік жүйесінің дамуына үлесін қосты, бұл жүйенің атап айтарлықтай міндеттерінің бірі, басшы құрамды және мамандарды ТЖ болған кездегі іс-әрекет бойынша дайындау және қайтадан дайындықтан өткізу болып табылады.
Оқудың нәтижесінде біздің кәсіпорын қызметкерлерінің білім және тәжірибе деңгейі айтарлықтай жоғарылайды, бұл дегеніңіз АҚМЖ объектілік жүйесінің жалпы жағдайына, сонымен қатар өнеркәсіптің қауіпсіздігіне оңтайлы әсерін тигізеді деген сөз.
Менің білуімше, АҚРОӘО, АҚ бойынша осы семинарларды 2017 жылдан бастап өткізеле бастаған. АҚ бойынша болған барлық алдыңғы семинарлардың қорытындысы бойынша, Орталық оқытушылары құрамымен белгілі бір тәжірибе жинақталған. Қуантарлығы, әр семинар сайын Орталық қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және кәсіптік шеберлігі жетіле түсуде, оқу процессіне жаңа элементтер мен инновациялық шешімдер енгізілуде. Мысалы, Орталық оқытушыларының айтуы бойынша екінші семинарда «АҚ қорғану құрылыстары бойынша ҚР құрылыс нормалары мен ережелері» тақырыбында жаңа сабақ енгізілген. Сонымен қатар, штабтық жаттығулар барысында тыңдаушылар жеке қорғану құралын (газқағарлар, жалпы әскери қорғау жиынтығы) кию нормативтерін орындау бойынша, химиялық барлаудың әскери аспабын пайдалану арқылы, радиациялық-химиялық бақылау постарын орнату бойынша тәжірибелік іс-әрекетті орындап шықты. Менің ойымша, барлық осы жаңа енгізулер, сонымен қатар басқа да тыңдаушылардың пікірі оқу процессіне динамика мен көрнекілік қосты.
Мен АҚ бойынша объектінің жетекші маманы болғандықтан, маған АҚ жоспарын әзірлеу бойынша жауапты міндет жүктелген. Бұл өте қажырлы еңбекті қажет ететін жұмыс. Семинардың арқасында мен енді АҚ жоспарының құрылымы мен мазмұнын нақты білемін. Бұған бізге сабақтың барысында үлестірілген әдістемелік материалдар айтарлықтай әдістемелік көмек көрсетті. Ол әдістемелікте, АҚ – ның барлық аспектілері мен барлық жоспарланатын құжаттарды әзірлеу тәртібі бойынша қарапайым және мазмұнды түрде нақты түсіндірулер берілген.
Сондай-ақ, әртүрлі оқулар мен жаттығуларды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар үлкен көмек болды, әсіресе ТАО. Осы әдістемелік нұсқаулықты зейін қойып оқу арқылы, мен өзімнің объектімде АҚ объектілік құрылымдарымен тактикалық-арнайы оқуды сәтті өткіздім. Осы оқуды өткізу арқылы біздің объектінің басшылығынан жақсы баға алдым. Барлық осы жағымды сәттер, АҚРОӘО-ның АҚ бойынша семинар-тренингінің нәтижесінен болды.
Тағы да айта кеткім келетіні, біздің объекті «АҚ саласы бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналына бір жылға жазылды. Бұл басылым, басшының өзіндік ерекшелігі бар кітапханасы мен АҚ бойынша күнделікті қажет кітапшасы болып табылады.
Мақаламның соңында АҚРОӘО– ның барлық ұжымына 5 оқу күнінде алған барлық білімім мен тәжірибелерім үшін өзімнің алғысым мен құрметімді білдіргім келеді. Басқа объектілердегі өзімнің қызметтестеріме айтқым келетіні, азаматтық қорғау саласында жаңа осы заманғы талаптар мен үрдістерге сәйкес келетін, бүгінгі күні тек бір ғана оқу орталығы болып табылатын нақ АҚРОӘО -да оқуларына кеңес беретін едім.