Жаңалықтар

2019 жылдың 20 мамыры мен 24 мамыры аралығында АҚ бойынша жоспарланған семинар-тренинг өткізілді. Оқуға азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жататын ұйымдардан 7 адам келіп қатысты. АҚ бойынша төртінші семинар-тренингтің қорытындысы АҚ бойынша оқуға басшыларын және объектілі деңгейдегі мамандарын жіберіп, келесі ТЖ Департаменттерінің АҚБ қызметкерлері белсенді және қарекетті жұмыс көрсетті: Қарағанды (3 адам), Павлодар және Атырау (2 адамнан).
Қауіп-қатерде қалған адамға кім көмектесе алады? Бұл үшін арнайы дайындалған құтқару қызметі бар, алайда, өзін қорғау және өзінің қасындағы жақындарын қорғау үшін әрекет еткені маңызды. Экстремальды жағдай туындағанда қаншалықты тез бағдар жасап, шешім қабылдап және дұрыс әрекет етудің тәсілін таңдасаңыз, сіздің тірі қалуыңызға, денсаулығыңыздың сақталуына және еш жеріңіздің зақымданбауына мүмкіндігіңіз зор. ТЖ-дағы мінез-құлық құрылымы көбінесе адамдардың экстремальды жағдайда әрекет ету дәрежесіне байланысты.
7 мамыр - «Отанды қорғау Күні», осы бір көктемгі шуақты күн, мемлекеттік мереке болып табылады. 1992 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы күшті құру туралы Жарлыққа қол қойды, бұл дата сонымен байланысты. Ол жыл сайын аталып өтеді. Бұл күні қазақстандықтардың қаһармандық жеңістерінің жылнамасы және Отанға қызмет көрсету дәстүрінің сабақтастығы бейнеленеді. Республикадағы әскери қызметтің беделі айтарлықтай жоғары және де армияда қызмет ету көптеген жастар үшін күш құрылымдарындағы карьераның алғашқы баспалдағы болып табылады.
Ертең 1-мамыр – Қазақстан қадірлі де жарқын мерекенің бірін – Қазақстан халқының ынтымақтастық Күнін тойлайды. Бұл достық, түсіністік және келісім күні, бұл еліміздің бейбітшілігі үшін сондай қастерлі ұғым, өйткені бізде 150-ден астам ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Бұл халықтың әрқайсысының орны ерекше, алайда Қазақстан аумағында олар – біртұтас тату-тәтті ел. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осында.
ҚР ІІМ ТЖК «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС қызметінің маңызды бағыттарының бірі – азаматтық қорғау саласындағы әр түрлі оқу құралдарын, жаднамаларды, әдістемелік ұсыныстарды және плакаттарды әзірлеу және шығару болып табылады.
Страница 1 из 36