Пятница, 06 Февраль 2015 15:13

Біліктілікті арттырудың бірінші айының нәтижесі

2015 оқу жылында оқу процесі жақсы нәтиже бергені атап өтілді. Қаңтар айында тыңдаушылардың 3 санаты оқудан өтті: 1 – бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары; 2- азаматтық қорғау энергетика қызметінің басшылары; азаматтық қорғау жол және көпір қызметінің басшылары.

 

Әрбір топта сабақ өзінше қызықты өтті. КШО кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары ТЖ аймағындағы мінез-құлық ережесі туралы ақпарат беру кезінде, өздерінің кәсіби шеберліктерін пайдаланды. Оқу-жаттығуының төртінші кезеңінде табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-дан халықты қорғау бойынша орындалған іс-шаралар мен шараларды қабылдау туралы өте тамаша баяндады. Азаматтық қорғау энергетика қызметінің басшылары мен азаматтық қорғау жол және көпір қызметінің басшылары үшін арнайы сабақ ұйымдастырылды, бұл сабақтарды – «Алатау жарық компаниясы»АҚ қызмет бастығы – С.К. Қосаумасов және «ҚазАвтоЖол»РМК бас маманы – О.З. Матвеенко жүргізді. Тәжірибе сабақтарында энергетика қызметінің, жол және көпір қызметінің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері түсіндірілді және бұл алынған нұсқаулар мен ұсыныстар КШО-да пайдаланылды. Соның нәтижесінде, өзінің теориялық білімдерін нығайту, оларды тәжірибеде қолданудың оңтайлы мүмкіндіктері пайда болды. Тыңдаушылардың назарына азаматтық қорғау саласындағы жаңа нормативтік-құқықтық актілер жеткізілді, олар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша шараларды ұйымдастыруда пайдаланылуы мүмкін.

Біліктілікті арттыру сапасына жасалған талдау қаңтар айында мыналарды көрсетті: 85,9% тыңдаушы ТЖ-да әрекетке дайындықтың «жоғары» және «орта »дәрежесін, ал -14,1% «төменгі» дәрежесін көрсетті.

 

Оқу бөлімі бастығы м.а.                            А.А.Тасиева