Пятница, 13 Февраль 2015 14:28

Орталықтың оқу-материалдық базасын жақсарту

Білім беру процесін ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету үшін, азаматтық қорғау саласындағы көзқарасты, дүниетанымды кеңейту мақсатында, тағы бір оқу класын жөндеуден өткізіп және жаңартып, Орталықтың оқу-материалдық базасын жақсарттық.

Интерьер класы жақсартылды: бір қабырғаны толығымен стенд-панорама алып жатыр. «ТЖ аймағындағы хабарландыру және байланыс». Стендте: облыстық орталық, төрт аудан орталығы облыстар ойдан шығарған ауылдық елді мекендер кескінделген. Көмескі жарықтың көмегімен стендте облыстық хабарландыру жүйелері, жергілікті хабарландыру жүйелері, байланыс кәсіпорындарының басқа да объектілері құрылғыларының орнатылған орны көрсетілген. Стенд төтенше жағдайлар кезіндегі ұйымдастыру саласындағы хабарландыру жүйелерін ұйымдастыру мәселелерін үйрену кезінде: «Байланыс жүйесі, хабарландыру және ақпараттық қамтамасыз ету. БКДҚ «112» тақырыбы бойынша өткізілетін сабақтарда пайдаланылатын болады.

Жаңа панораманың көмегімен тыңдаушылар оқу процесінде барынша тиімді нәтижелерге қол жеткізеді, сабақ барынша қызықты, сапалы, қол жетімді болып өтетін болады деп үміттенеміз.

 

 Л.М. Исабаева – аға оқытушы