Пятница, 06 Февраль 2015 15:16

Уақытты бағалай білетіндер үшін –дистанциялық оқыту ұйымдастырылды

АҚ РОӘО-да 2015 жылдан азаматтық қорғау саласында дайындау және қайта дайындаудың дистанциялық оқыту формасы әзірленді және енгізілді. Оқытудың бұл формасы қауіпті өндірістік объектілердің басшы құрамына арналған.

Дистанциялық оқытудың артықшылығы:

  • қол жетімділігі;
  • ыңғайлылығы;
  • оқытудың жеке даралығы;
  • Өзіңіз үшін қолайлы уақытта оқу;
  • барлық оқу материалдары (азаматтық қорғау бойынша оқу құралы, бақылау жұмысы, бейне-материалдар DVD- дискілерінде) әдеттегі пошта бойынша жіберіледі;
  • қосымша нормативтік құжаттар және оқу-әдістемелік ұсыныстар www.tg-oku.kz сайтына орналастырылады.

Бақылау жұмыстары азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді тыңлдаушылардың өз бетімен оқып және пайдалануына ыңғайластырып жасалынған, өйткені бұл салада қазіргі кезде өте көп мөлшерде маңызды құжаттар қабылданып жатыр. Сондықтан, оқу материалын жақсы меңгеру үшін, бақылау жұмыстарын ұсынылып отырған әдебиеттерді пайдалана отырып орындау қажет. Бақылау жұмыстары тыңдаушыларды аралық аттестациядан өткізуге және оқу процесінде тыңдаушылардың жиған тәжірибелері мен білімдерін тексеруге арналған. Оның үстіне, бақылау жұмысының оқытып, үйрету сипаты бар, айталық, негізгі кезеңдерді ерекшелеп бөлуге, жүйелендіруге және оқу материалдарын жинақтап қорытындылауға көмектеседі. Оқу соңында тыңдаушылар компьютерде тест сынағын тапсырады. Тест сынағының және бақылау жұмысының нәтижесі бойынша азаматтық қорғау саласында уәкілетті орган бекіткен әдістемелер бойынша ТЖ-да әрекет етуге тыңдаушылардың дайындық дәрежесінің қандай екендігі анықталады.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар азаматтық қорғау саласында мемлекеттік үлгідегі СЕРТИФИКАТ алады. Оқуға және курсқа қабыдануға тапсырыс Сізге қолайлы кез-келген уақытта жүргізіледі.

Оқу бөлімі бастығы м.а. А.А.Тасиева