Среда, 20 Июнь 2018 17:31

АҚ бойынша алтыншы семинар

Азаматтық қорғаныс мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізу кестесіне сәйкес, ағымдағы 2018 жылғы 11 маусым мен 13 маусым аралығында   Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған объектілердің өкілдерімен  кезекті  семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке: мұнай өндіру объектілері, энергетика, денсаулық сақтау, білім салаларынан, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінен 14  адам қатысты. Семинар-тренингке қатысушылар үш күннің ішінде: 

Республикасының әскери саясатының негізгі бағыттары, азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілер және олардың талаптары, болуы ықтимал төтенше жағдайлардың түрлері мен олардың салдарлары және топтастырылуы, халықты, аумақты және  экономика  объектілерін қорғау тәсілі, объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары,  Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау және басқа мәселелер бойынша білімдерін арттырды.

      Семинар-тренингтің өткізілуінің үшінші күнінде: «Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру» тақырыбында қатысушылармен штабтық жаттығулар өткізілді. 

      Ал соңғы қорытынды кезеңде өткен материалдар бойынша тыңдаушылардың алған білімдерін тексеру үшін сараланған сынақ тест сынағы түрінде өқткізілді.  Сабақ қорытынды шығарумен және  белгіленген үлгіде сертификаттар тапсырумен  аяқталды.

      Осыған ұқсас   семинар-тренингтер   ағымдағы жылдың аяғына дейін өткізілетін болады,  кезекті семинар-тренингтер  2018 жылғы  9 шілде мен  11  шілде аралығында өткізілетін болады.

 

 

 

     ҚР ІІМ ТЖК  «АҚ РОӘО»ЖШС оқытушысы  М.Р. Боранбаев