Среда, 27 Июнь 2018 09:17

2018 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы

АҚ РОӘО негізгі қызметі – орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғау күштерінің басшы құрамдары мен мамандарын төтенше жағдайлар немесе әскери қақтығыстар не болмаса осы қақтығыстардың салдарлары кезінде әркет ету және қорғау тәсілдеріне дайындау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс артығымен орындалды. 2018 жылдың 1 жарты жылдығында Орталықта дайындықтан және қайта дайындықтан 687 тыңдаушы өтті, жоспар бойынша 673 адам болатын, жоспар 102,1%-ға орындалды.

Ішкі істер Министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің 2017 жылғы 19 қаңтарда өткізген жедел мәжілісінің №3 хаттамалық шешіміне сәйкес, АҚ РОӘО ақпан айынан бастап АҚ бойынша санаттарға жататын ұйымдар үшін бірінші рет  3 күндік  семинарлар өткізе бастады. Бұл семинарларда барлығы 86 тыңдаушы оқыды. Өткізілген 6 семинардың қорытындысы АҚ бойынша дайындықтан және қайта дайындықтан өткізуде ұйымдардың өкілдерінің зор қызығушылығына ие болды, олар семинардың   инновациялық ерекшеліктерін  атап көрсетті. Семинардың инновациялық ерекшелігі сол, оқу бағдарламасына жаңа сабақ енгізілді, бұл сабақ бұрын АҚ РОӘО-да өткізілмеген болатын, олар: «АҚ-ны объектілі деңгейде ұйымдастыру», «Ұйымдардағы АҚ құжаттамалары», «АҚ жосрпарын әзірлеу тәртібі», «Соғыс жағдайларында бірінші және психологиялық көмек көрсету», «Бейбіт уақыттағы ӨБҚ объектісі», «АҚ саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі».

Осы жылы Орталықта АҚ-ның әрбір нақты қызметі бойынша лауазымды тұлғаларды оқыту жоспарланып отыр. Орталықтың оқытушылары Азаматтық қорғау қызметінің өкілдеріне арнап келесі сабақтарды әзірледі және өткізіп жатыр: «АҚ инженерлік қызметі», «АҚ радиациялық қызметі», «АҚ сауда қызметі», «Химиялық қызмет», «жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі».

Осымен байланысты Азаматтық қорғау қызметінің (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық) басшы құрамы мен лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС-да «АҚ қызметі лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы» әзірленді.

АҚ қызметі лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы, слайдылар және әрине сабақтар тыңдаушыларды өте қызықтырғанын атап айтқым келеді.

 

Оқу бөлімінің бастығы                              А.А.Тасиева