Четверг, 05 Июль 2018 15:07

Астанаға 20 жыл

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінің бірінде астананы көшіру жөніндегі өзінің шешімін еске ала отырып:  «Елдің саясаткері және басшысы ретінде мен  барлығын ой елегінен өткіздім де тәуекелге бел байладым. Әйтпесе ол кезде – бүкіл әлемдік қоғамдастықтың алдында біздің еліміздің және менің өзімнің қолымыздан не келетінін таныстыру мүмкін емес еді. Біз келелі де үлкен міндеттерді шеше алатынымызды дәлелдедік. Бүгінгі таңда бұл шешімнің дұрыс екенін сеніммен айта аламыз, идея толығымен ақталды»- деген болатын.
20 жыл ішінде  Астана ел тәуелсіздігінің символына айналды және Ел басымыздың бастамасын сәтті жүзеге асыра білді, ол қазір Қазақстанның мәдени және қоғамдық-саяси өмірінің орталығы болып отыр.

Бүгінгі таңда заманауи қала  жеке сәулет стилімен, бойына Шығыстың ең үздік дәстүрлерін және Батыстың қазіргі заманғы үрдістерін жинап көркейіп отыр.  
Астана – бұл Қазақстанның жаңаруының символы, оның көп ұлтты халқының сарқылмас шығармашылық энергиясының символы. Бұл жаңа астананы салудың ең қиын кезінде өз күштерін сала отырып, білек сыбана кіріскен халықтың  символы. Бұл ұлтымыздың  еркіндікке қол жеткізуінің, өзінің болашақтағы гүлденуінің, болашақ ұрпақтарының үміті мен сенімінің символы. 
Бүгінгі таңда Астана
Қазақстанның ұлттық бренді болды, ал оның дамуы – бүкіл еліміздің дамуының үлгісі болды,  деп батыл айта аламыз.

Біздің еліміздің –  тәуелсіз Қазақстанымыздың бас қаласы гүлдене берсін және өркендей берсін!

АҚ РОӘО  директорының орынбасары                      Б.Еңсебаев