Среда, 11 Июль 2018 17:21

АҚ РОӘО электрондық кітапханасы

Жақында ғана «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын таныстыру кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның цифрлы болуы жалпы елдің, кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттерін,  сонлдай-ақ  елдің тіршілік сапасын арттыру үшін қажет» - деді. Мемлекет Басының  сөзі бойынша, бұл үшін елімізде қажеттінің бәрі бар – энергия, азық-түлік, кең-байтақ аумақ, жүз пайыздық білімі бар халық.

Жаңа цифрлық әлемде көптеген оқырмандар басылымның электронды түрде болғанын қалайды. Қазіргі заманғы білім беру Орталықтары пайдаланушыларға қызмет көрсету кезінде, жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен кітапханада электронды ақпараттық ресурстарды пайдаланады. АҚ РОӘО- да өзінің кітапханалық қорын жүйелендіруде заманауи электронды форматқа көшті. Жаңа   мультимедиялық өнім біздің оқырмандарымызға тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Орталықтың электронды  кітапханасы тақырыптық болып табылады, яғни азаматтық қорғау саласындағы материалдар салынған. Енді біздің оқырмандарымызға барлық оқу-әдістемелік материалдарға қол жетімділік туып отыр.

Электронды кітапхананың артықшылығы неде:

     - пайдаланушы ақпараттарды өзінің немесе кітапхананың тұрған жері мен уақытына байланыссыз ала алады;

     - пайдаланушыларға қажетті әдебиеттер, құжаттар және мәліметтерді беру жылдамдығы айтарлықтай жоғарылайды;

     - пайдаланушының әр түрлі электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі бар;

     - кітапхананың жаңа формаларын жүзеге асыру және ақпараттық қызмет көрсету пайдаланушы қызметтерін жеңілдетеді;

     - кітапханадағы саны шектеулі құжаттарды, көптеген тыңдаушылардың пайдалануына мүмкіндік туады.

  Еліміздің бәсекелестік ортасында АҚ РОӘО  оқытатын жалғыз Орталық болып табылады, ол өзінің жеке меншік қаражаты есебінен оқу-әдістемелік материалдарын және басқа өнімдерді әзірлейді, басып шығарады және сатады.  Орталықта ауқымы кең кітапханалық қор және 200 әр түрлі материалдардан тұратын, нормативтік-құқықтық актілерден бастап,  үйренулер мен жаттығуларды өткізу әдістерімен аяқталатын, бейне кітапхана бар. Бұл басылымдардың 50%-ы Орталықтың интеллектуальдық  меншігі болып табылады, бұлардың ҚР Әділет министрлігі берген, авторлық құқық туралы куәлігі бар. Бұл біздің материалдардың құзіреттілігін және ғылыми-әдістемелік маңызын куәландырады.

    Жыл сайын кітапханалық қор жаңа басылымдармен толықтырылып отырады, өйткені қазіргі заманғы әлем өте қарқынды дамып келеді, бұл азаматтық қорғау саласында да жаңа тенденциялар пайда болады деген сөз. Мысалы, тек қана 2017 жылы  19 жаңа оқу-әдістемелік материалдары басылып шығарылды. Әрбір жаңа басылымның немесе фильмнің  мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шығатынын айта кету керек. 

     Құрметті оқырмандар! АҚ РОӘО-дағы азаматтық қорғау саласындағы ауқымы кең кітапханалық қор және бейне кітапханалардың есігі   Сіздер үшін әрқашан ашық және қол жетімді. Электронды кітапхананың барлық әдебиеттер тізімі, сондай-ақ оларды пайдалану процедурасы  Орталықтың сайтында www.tg-oku.kz беріліп отыр.