Среда, 18 Июль 2018 15:08

ЖОО студенттерінің назарына – ТҚН бойынша жаңа оқу құралы шықты

Қазақстанда   2012 жылдан  елдің жоғары оқу орындарында (ЖОО) "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері" (ТҚН)  пәні енгізілген. Уақыттың 80 проценті  осы тақырыпқа бөлінген,  ТЖ-дан халықты қорғаудың қырларын қозғайды.

ЖОО студенттері аталған пәндер бойынша адамзатының өзі өмір сүрген ортада өзара қауіпсіз әрекет етуі және оны қорғауы, төтенше жағдайларда шаруашылықпен айналысатын объектілердің нық қызмет етуі, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларының, сондай-ақ  заманауи соққы беру құралдарын қолдаудың  алдын алу және жою, қуіпсіздіктің негізгі сәттерінің кең  спектрін үйренеді. 

Сондай-ақ оқу бағдарламасына адамға ықпал ететін факторлардың  анатомиялық және физиологиялық салдарларын, бейбіт және соғыс уақытында ТЖ кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету тәртбі жөніндегі мәселелер енгізілген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Азаматтық  қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» «Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған азаматтық қорғау жөніндегі оқу құралының» жаңа редакциясын (I,II кітап ) мемлекеттік және орыс тілінде шығарды. Жаңа басылым ЖОО студенттеріне «Тіршілік қарекеті қауіпсіздігінің негіздері» курсы бойынша әдістемелік материал ретінде қолдануға ұйғарылып және ұсынылып отыр.

Бәсекелестік білім беру ортасында ЖОО студенттеріне «Тіршілік қарекеті қауіпсіздігінің негіздері» курсы бойынша, азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілер талаптарын және инновациялық жаңалықтар мен қауіпсіздік саласындағы заманауи тенденцияларды ескере отырып жасалған мұндай оқу құралы жоқ. Бұл басылымға  ҚР Әділет министрлігі  авторлық құқық туралы куәлік берген, сондай-ақ олар азаматтық қорғау саласында уәкілетті органның ведомствосымен келісілген.

    Оқу құралын электронды форматта  студенттер «Азаматтық  қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС электронды  кітапханасы арқылы ала алады. Электронды  кітапхананы  пайдалану тәртібі Орталықтың сайтында - www.tg-oku.kz көрсетілген.

Алматы қаласы ЖОО студенттері өздеріне қажетті әдебиеттерді Орталықтың кітап киоскісінен мына мекен-жай бойынша  сатып ала алады: Байзақов к-сі,300.

     Қымбамтты студенттер!  Сіздерді АҚ РОӘО электронды  кітапханасында күтеміз.

 

Енсебаев Б.К.