Вторник, 25 Декабрь 2018 09:37

ЖОО студенттеріне арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету» әдістемелік оқу құралын шығаруға

АҚ РОӘО  – ГЗ саласында орталық және жергілікті атқару органдарының  басшы құрамдары мен басшыларын дайындықтан және қайта дайындықтан өткізуді ұйымдастыртын біздің  Республикамыздағы  жалғыз Орталық қана емес, сонымен қатар оқу құралдарын, жаднамаларды, оқу бейне- сабақтарын және фиьмдер шығарады. 

Бүгінгі күні Орталық қызметкерлері ЖОО студенттеріне арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету» әдістемелік оқу құралын шығаруға жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр (екінші кітап).

2-кітап  ЖОО студенттеріне арналған «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ТІРШІЛІК ҚАРЕКЕТІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» пәнінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу құралының бұл бөлімі зардап шегушілерге (дәрігерге дейінгі) алғашқы көмек көрсетуе арналған, бұл жерде азаматтық қорғаудың медициналық аспектілерінің барлық кешеніне түсінік беріледі.

        Әдістемелік оқу құралының мақсаты студенттерде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы білімді жүйелендіруді қамтамасыз ету, адамның денсаулығын нығайту (қалпына келтіру) және сақтау. 

 Осы Әдістемелік оқу құралының көмегімен студенттер:       

- салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі қағидаларын үйрену;

- организмді бейімдеу механизмін үйрену;

- төтенше жағдайларда халыққа арналған алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсетудің  жалпы ережесін үйрену;

- алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсете білу мен дағдыны қалыптастыру;

- оқу процесін рационалды ұйымдастыруға арналған білімді меңгеруді қамтамасыз ету тағы-тағылар қолдарынан келетін болады. 

Жеке қаіпсіздікті қамтамасыз ету және өз денсаулығын сақтау, мүмкін оның, тіршілік қызметінің барлық саласында практикалық адам қызметінің ең маңызды аспектілерінің бірі болар.

Жаңа шығарылымда алғашқы көмектің барлық түрі бойынша мазмұнды  иллюстрациялар бар.

 

Аға оқытушы  Х.А.Құлымбетова