Среда, 09 Январь 2019 15:43

Жаңа оқу жылының басталуы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекіткен 2019 жылғы Толымдау жоспарына сәйкес және  20.05.2014 жылғы №  235 ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау  күштері мен басқару органдарының басшыларын және мамандарын дайындау, төтенше жағдайлар және әскери шиеленістер туындауы немесе осы шиеленістердің салдары кезінде әрекет ету және қорғану тәсіліне халықты үйрету   бағдарламасы» негізінде   азаматтық қорғау саласындағы басшы құрамдарды, мамандарды дайындауды және қайта дайындауды Азаматтық қорғау  республикалық оқу-әдістемелік орталығы  жүзеге асырады.

Сабақ 40 сағат көлемінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сабақ барысында тыңдаушыларға келесілер жеткізіледі және түсіндіріледі: Қазақстан Республикасының әскери саясатының негізгі бағыттары, Азаматтық қорғау  саласындағы заңнамалық актілер және олардың талаптары, болуы ықтимал төтенше жағдайлардың түрлері және олардың жіктелуі,  экономика аумақтары және объектілері, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу, өрт қауіпсіздігі шаралары,  Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және басқалар.

       Жаңа жылдан бастап АҚ РОӘО-да күн сайын оқу процесі басталар алдында, тыңдаушыларға арналған  қойылатын,  тіршілікті нығайтатын және өзін өзі тану бейнероликтері көрсетіледі, бұл адамның көңілін сергітіп, көтеруге негізделген. Психологиялық бейнероликтері кабельдік ТV бойынша барлық сыныптарда көрсетіледі. Сонымен қатар  экранда  ағымдағы күннің сабағы бойынша ақпараттық сипаттағы слайдылар да көрсетіледі.

    ТЖ-дан қорғау және азаматтық қорғау міндеттерін ұйымдастыру бойынша білгірлік пен білімді жетілдіру, сондай-ақ лауазымды тұлғаларда, ұйымдардың мамандары алған білімдерін  халықты, мәдени және материалдық құндылықтарды және аумақтарды бейбіт және соғыс уақытындағы қауіптерден қорғауға жұмсауы үшін дайын және қабілеті болу керек.