Среда, 16 Январь 2019 17:54

«Бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық шараларды өткізу тәртібі» тақырыбы бойынша жаңа плакаттар әзірлеу

«Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС-да әр түрлі санаттағы тыңдаушыларды оқытумен қатар, азаматтық қорғау басқару органдарының жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған әр түрлі көрнекі оқу құралдарын әзірлеу және шығару жүзеге асырылады.

      Қазіргі кезде Орталықта:   «Бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық шараларды өткізу» тақырыбы бойынша оқу сыныптарында көрнекі оқу құралы ретінде стендттер әзірленіп ілінді.   Стендтерде келесі мәселелер көрсетілген: эвакуация туралы жалпы түсініктер  және олардың түрлері, тәсілдері мен  эвакуациялық шараларды өткізу мерзімі, сондай-ақ  эвакуациялық комиссияның құрамы және оған басшылық жасау, эвакуациялық  органдардың құрылымы көрсетілген.

       Бұл стендтер орталық оқытушылары үшін сабақ өткізу барысында қолдану мақсатындағы көрнекі құралдар,  сондай-ақ тыңдаушылар үшін әрқайсысының білуі тиіс ақпараттары бар қосымша оқу құралдары болып табылады.

        Сондай-ақ бұл стендтерді әзірлеудің жағымды жақтары оның бояуының ашықтығы, түрлі-түстілігі,  дизайны  іс жүзінде пайдалануға ғана емес, бөлмені де эстетикалық  толықтырып тұратындығы.

        Бұдан әрі қарай Орталықта жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша   түрлі-түсті  плакаттар топтамасын шығару жоспарланып отыр,  оны оқу процесінде, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда пайдалануға болады. 

         Бұл плакаттар дайындалып біткеннен кейін Орталық сайтындағы электронды кітапханаға енгізілетін болады, тыңдаушылар біздің Орталықта оқу барысы кезінде оларды  еркін сатып алуларына мүмкіндік бар.