Среда, 23 Январь 2019 15:08

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан Әскери институты әскери қызмет көрсету тактикасы кафедрасы базаснда ғылыми-техникалық семинар өткізіледі. Тақырыбы: «Елді мекендердегі жаппай бей-берекеттерді тию жөнінде арнайы операцияларды жүргізу

         ҚР ІІМ ТЖК ведомствосына жататын бөлімше ретінде және азаматтық қорғау саласында ұйымдардың, орталық және жергілікті атқару органдары басшылары мен мамандарын дайындау және қайта дайындау мәселесімен айналысатын болғандықтан  аталған семинарға қатысу үшін біздің Орталық та шақырылды.  

          Семинар жұмысы барысында   бес мәселені қарастырып талқылау көзделіп отыр, бесінші мәселе бойынша Орталық баяндама жасайды. Баяндамада бейбіт және соғыс уақытындағы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу, азаматтық қорғау құрылымдарын және қызметін тарту, соның ішінде ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын, өзге әскерлер мен әскери құрылымдарды тарту   тәртібі  көрсетілгген. Қатысуынан бастап және төтенше жағдайларды жою барысында жинаған тәжірибесі мол екендігі, ішкі істер органдарының барлық жеке құрамдарының, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамының  қорғануға қабілетін нығайту және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында болуы ықтимал табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шаралар жұмысынан  көрініп отыр.   

 

 

«АҚ РОӘО»ЖШС оқытушысы

М.Р.Боранбаев