Среда, 30 Январь 2019 19:04

Орталық қызметкерлерін кәсіби дайындау

     2016 жылғы 20 сәуірдегі ҚР ІІМ «ІІМ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби дайындау, қайта дайындау Ережелерін және Мазмұнын бекіту туралы» № 422 бұйрығына сәйкес, Орталықта тұрақты негізде сәрсенбі сайын кәсіби дайындық бойынша сабақ өткізіледі.  

Қызметкерлерді кәсіби дайындаудың мақсаты олардың қосымша білім алуы,  Орталық қызметінің барлық бағыты бойынша дағдысы мен бейімділік қабілетінің болуы.

Кәсіби дайындық аясындағы сабақтар  Орталық қызметкеріне жүктелген тапсырмаларды орындау үшін, қызмет ерекшелігін ескере отырып,  қажетті білімін, дағдысы мен бейімділігін тереңдетіп, аясын кеңейтіп, шыңдап дамытуға бағытталған.

    Кәсіби дайындық сондай-ақ қызметкерлердің жаңа экономикалық және әлеуметтік жағдайларға және жаңа кәсіби қызмет жүргізуге, соның ішінде  заманауи талаптарды, ҚР заңнамалық актілерін ескере отырып  олардың соған бейімделуі мақсатында жүзеге асырылады.

       Кәсіби дайындық бойынша 30 қаңтарда өткізілген кезекті сабақта, ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелеріндегі  2018 жылғы заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі  тәртіп жағдайын Талдау жеткізілді. Сабақ барысында Орталықта қылмысқа, қателік жібеуге, заң бұзушылық пен еңбек тәртібін қадағалаудағы кемшілікке, ҚР заңнамалық актілері талаптарын, жоғарыда келтірілген Талдаудағы тәртіп жағдайларын бұзуға жол бермеуге  баса назар аударылды.  Аталған құжат Орталықтың әрбір  қызметкеріне жеке-жеке қол қойдыру арқылы жеткізілді.

     Еңбек тәртібін және заңдылықты нығайту жөніндегі жұмыс АҚ РОӘО басшыларының басымдылық міндеттері болып табылатынын айта кету керек.  

 

АҚ РОӘО директорының орынбасары                      Б.К.Еңсебаев