Пятница, 06 Февраль 2015 13:02

Жаңа оқу жылына жаңа элементтер

Көрнекі оқу құралы әр түрлі ақпараттарды, анықтамалық мәліметтерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, әрекеттерді және т.б. қысқа формада тыңдаушыларға жеткізу болып табылады. Оқудың бұл формасының артықшылығы сол, негізгі ақпарат шағын көлемде, бірақ ұғынықты, анық, суреттердің, фотографиялардың, сызған нұсқалардың, кестелердің көмегімен, кеңейтілген көлемде беріледі және оларда қысқа мәтіндер мен түсініктемелер беріліп отырады. Көрнекі оқу құралдары оқу материалдарын меңгеру кезінде жақсы толықтыру қызметін атқарады, өйтекені олар назарды ең маңызды және қажетті ақпараттарға аудартады, оның үстіне бұлар есте жақсы сақталады. 

Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында көрнекі оқу материалдары кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кезде келесі тақырыптар бойынша қабырға тақталарды әзірлеп, дайындау жүріп жатыр: 

  • «Автомобиль көліктеріндегі авариялар кезінде адамдарды құтқару әдістері»;
  • «Авариялар және апаттар кезіндегі халықтың әрекеті»;
  • «Дүлей зілзала кезіндегі халықтың әрекеті»;
  • «Өрт кезіндегі халықтың әрекеті»;
  • «ТЖ кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету»;
  • «Террористік акт қаупі төнген және жасалған кезде халықтың және лауазымды тұлғалардың әрекеті»;
  • «ТЖ кезінде халыққа психологиялық көмек көрсету».


Сондай-ақ жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қазақ және орыс тілдерінде плакаттардың безендірілген жиынтықтары әзірленіп жатыр, олар Азаматтық қорғау саласындағы жаңа нормативтік-құқықтық элементтерге сәйкес келеді.


Азаматтық қорғау саласындағы плакаттарды оқу Орталығы бүкіл республиканың түкпір-түкпіріне тапсырыстар бойынша таралымдарын салып отырады. Бұл білімді кеңінен насихаттауға және зілзала қауіп-қатерін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Азаматтық қорғау саласында оқумен айналысатын мамандарға көмегін тигізеді деп сенеміз.


Директордың орынбасары Қ.К.Егалиев.