Вторник, 02 Апрель 2019 12:37

Қазақстан Республикасындағы жалғыз басылым

Егер  «Википедия» типіндегі белгілі іздестіру жүйесі «ГУГЛ-ге»:  «Қазақстанда азаматтық қорғау туралы оқу құралын қайдан табуға болады?» деген  сұрақ қойса,  онда интернет тек қана бір-ақ жауап береді: «ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғау  республикалық оқу-әдістемелік орталығынан».

Бұл шын мәнінде солай. Біздің елде бірінші рет  «Азаматтық қорғау туралы оқу құралы» әзірленіп, мемлекеттік және орыс тілінде тек қана біздің Орталықта шығарылады. Ол орталық атқару органдарының мамандарына, азаматтық қорғау жүйесі құрылған ұйымдарға, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

Жаңа оқу құралына енгізілген барлық  материалдар, барлық соңғы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, АҚ саласындағы ҚР заңнамаларына сәйкес келтірілген. Оқу құралы  ҚР ІІМ ТЖК басшыларымен келісілген және төтенше жағдайлардан халықты қорғау саласндағы жаңа тенденциялардың және заманауи талаптардың барлығына, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ бақа да азаматтық қорғау жүйесі аспектілеріне  жауап береді.

«Азаматтық қорғау туралы оқу құралы» екі бөлімнен тұрады. Басылымның бірінші бөлігі құқықтық аспектілерден бастап ТЖ жою жөніндегі азаматтық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дейінгі азаматтық қорғау жүйесінің барлық бағытын қозғайды,  бұл бөлім жарыққа шығып та үлгірді. Жақын арада оқу құралының бірінші бөлімі  тираждалады.

 Оқу құралының екінші бөлімі ТЖ-да зардап шеккендерге  шұғыл психологиялық және  медициналық көмек көрсетуге арналған.  Ол да жақын арада шығаруға дайын.

Орталық  сайтының оқырмандарына: Оқу құралының  электронды нұсқасы  «Электронды кітапхана» бөліміне орналастырылатынын ескерте кеткім келеді.

 

АҚ РОӘО  директорының орынбасары           Б.К.Еңсебаев