Вторник, 09 Апрель 2019 16:15

Орталықтың кітап қоры

Кітап – бұл барлық адамзатының ең үлкен мұғалімі. Ол бізбен бесіктен бастап қартайғанға дейін бірге ілесіп жүреді. Оны біз қолға алған сәттен бастап, ол бізге көп нәсе береді. Алайда біз оған өзіміз назар аударып, уақыт бөлуіміз керек. Кітаптың бәрі бірдей пайдалы бола алмайды, сондай-ақ  барлық оқырман бірдей құнды кітапты пайдасына жарата алмайды. Кітапқа ежелден ерекше құрметпен қарады, оны сатып алу да оңайға түскен жоқ. Бірақ уақыт өзгереді, қазір кітапты бұрынғыдай жаппай пайдаланбайды. Қазір олардың басқа көздері өте көп.

Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында  әдебиеттерге ерекше назар аударылады. Кітапхана Орталықтың жүрегі болып табылады. АҚ РОӘО азаматтық қорғау саласында әдістемелік көмек көрсету мақсатында  оқу-әдістемелік әдебиеттерін, көрнекі құралдарды (плакаттарды) әзірлеу және шығару жөнінде мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Кітапхананың бүгінгі таңда ерекше қоры бар, ол 200-ден астам  әр түрлі материалдардан тұрады, нормативтік – құқықтық актілерден бастап, оқу-үйрену және жаттығуларды өткізумен аяқталады.  Кітап қоры жыл сайын жаңа басылымдармен толықтырылып келеді. Барлық басылым – Орталық қызметкерлерінің ізденістері мен еңбегінің нәтижесі. Әрбір  материал Орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңесінің қатал сараптап-бағалауынан өтеді. Кейбір оқу- материалдары және ұсыныстары баға жетпес құнды, төтенше жағдайлар кезінде халықтың әрекет етуі туралы бірегей ақпараттар сақталады. Кітапхананы тыңдаушылар өз беттерімен дайындалу үшін пайдаланады. Әзірленген әдістемелік ұсыныстар, оқу құралдары біздің оқытушыларымыздың үздік көмекшілері, өйткені сабақтар тек қана нормативтік – құқықтық құжаттамалар негізінде жүргізіледі.

Кітап адамды тәрбиелейді, ол оқырманның алдынан жаңа, қызықты әлем ашады, оның алдынан өмірлік көзқарастар мен сенімдер қалыптасады. Мүмкін, уақыт өте келе кітап өзінің бұрынғыдай көпшіліктің ықыласына қайта бөленетін болар, оны оқу тағы да дәстүрге айналар.

 

Н.Б.Изатова  - оқытушы