Среда, 17 Апрель 2019 14:45

АҚ бойынша үшінші семинар

Азаматтық қорғаныс мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізу кестесіне сәйкес, ағымдағы 2019 жылғы 15 сәуірі мен 19 сәуірі аралығында Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған объектілердің 11 өкілдерімен кезекті семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке қатысушылар бес күннің ішінде: - Қазақстан Республикасының әскери саясатының негізгі бағыттары; -азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілер және олардың талаптары; - болуы ықтимал төтенше жағдайлардың түрлері мен олардың салдарлары және топтастырылуы; - халықты, аумақты және экономика объектілерін қорғау тәсілі; - объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары; - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау және басқа мәселелері бойынша білімдерін арттырды. Семинар-тренингтің өткізілуінің үшінші күнінде: «Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру» тақырыбында қатысушылармен штабтық жаттығулар өткізілді. Ал соңғы қорытынды кезеңде өткен материалдар бойынша тыңдаушылардың алған білімдерін тексеру үшін сараланған сынақ тест сынағы түрінде өқткізілді. Сабақ қорытынды тест сынағымен және белгіленген үлгіде сертификаттар тапсырумен аяқталды. Осыған ұқсас семинар-тренингтер ағымдағы жылдың аяғына дейін өткізілетін болады, кезекті семинар-тренингтер 2019 жылғы 20 мамыры мен 24 мамыры аралығында өткізілетін болады. Аға оқытушы: Л.М.Исабаева