Среда, 24 Апрель 2019 14:57

Плакаттардың жаңа топтамасын шығару: «Бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық шараларды өткізу тәртібі»

ҚР ІІМ ТЖК «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС қызметінің маңызды бағыттарының бірі – азаматтық қорғау саласындағы әр түрлі оқу құралдарын, жаднамаларды, әдістемелік ұсыныстарды және плакаттарды әзірлеу және шығару болып табылады.
Эвакуациялық шаралар азаматтық қорғау бойынша шаралар жүргізуде маңызды бағыттардың бірін иеленетінін ескере отырып, Орталық бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық шараларды ұйымдастыру бойынша екі тілде плакаттар әзірледі. Бұл плакаттарда келесілер қарастырылды: эвакуациялық шаралардың құқықтық аспектілері, орталық, жергілікті атқару органдарында және ұйымдарда құрылатын эвакуациялық органдардың құрылымы және міндеттері, АҚМЖ қызмет істеуі кезіндегі эвакуациялық органдардың жұмыс тәртібі, эвакуацияланатын халықты тіршілікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, эвакуациялық шараларды қамтамасыз ету тәртібі, эвакуациялық шараларды жоспарлау, сондай-ақ соғыс уақытында эвакуациялық шараларды өткізу кезінде халықты тасымалдауды ұйымдастыру және басқалар. Бұл плакаттар әр түрлі санаттағы тыңдаушылардың оқуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқару органдарында және ұйымдарда азаматтық қорғау жөніндегі стендтерді және бұрыштарды безендіру, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажет. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, аталған плакаттар Орталық сайтындағы электронды кітапқа орналастырылатын болады және Орталықтан оқудан өту кезінде тыңдаушылар сатып алу үшін де қойылады. ҚР ІІМ ТЖК «АҚ РОӘО»ЖШС оқытушысы М.Р.Боранбаев