Вторник, 30 Апрель 2019 14:58

Достық және бірлік мерекесі

Ертең 1-мамыр – Қазақстан қадірлі де жарқын мерекенің бірін – Қазақстан халқының ынтымақтастық Күнін тойлайды. Бұл достық, түсіністік және келісім күні, бұл еліміздің бейбітшілігі үшін сондай қастерлі ұғым, өйткені бізде 150-ден астам ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Бұл халықтың әрқайсысының орны ерекше, алайда Қазақстан аумағында олар – біртұтас тату-тәтті ел. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осында.
Біздің мемлекет — көп ұлтты үй, көптеген этникалық топтар мен халықтар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Сондықтан мұндай күндері, басқа ұлт өкілдеріне жылылық қарым-қатынас таныту маңызды. ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы өзінің барлық оқырмандарын осы бір тамаша да жарқын мерекемен құттықтайды және біздің барлығымыздың ортақ үйімізде — Қазақстанда — әрқайсысы өзін бақытты сезінуін, елдің гүлденуі үшін жұмыс істеп, өмір сүріп, игілікті істер жасауын тілейді. Барлықтарыңызға сүйіспеншілік пен өзара түсіністік тілейміз! Әрбір отбасына гүлдене беруін, игілікті, шығармашылық биікті және бейбітшілікті, денсаулық және көңіл күйінің көтеріңкі болуын тілейміз, өйткені әрбір адамның бақыты — бұл ұлы еліміздің болашағының кепілі. Ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық нығая берсін, біздің ортақ үйімізде - Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен ынтымақ мәңгі орнасын! АҚ РОӘО директорының орынбасары Бейбіт Көбейсінұлы Еңсебаев