Среда, 15 Май 2019 16:10

«Азаматтық қорғау бойынша оқу құралын» шығару (ІІ кітап)

Қауіп-қатерде қалған адамға кім көмектесе алады? Бұл үшін арнайы дайындалған құтқару қызметі бар, алайда, өзін қорғау және өзінің қасындағы жақындарын қорғау үшін әрекет еткені маңызды. Экстремальды жағдай туындағанда қаншалықты тез бағдар жасап, шешім қабылдап және дұрыс әрекет етудің тәсілін таңдасаңыз, сіздің тірі қалуыңызға, денсаулығыңыздың сақталуына және еш жеріңіздің зақымданбауына мүмкіндігіңіз зор. ТЖ-дағы мінез-құлық құрылымы көбінесе адамдардың экстремальды жағдайда әрекет ету дәрежесіне байланысты.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің маңызды бағыттарының бірі – бұл ТЖ-да зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету. Яғни, бұл базалық білім тек қана медициналық жұмысшыларда және психологтарда болмауы керек, оны кез-келган адам білуі тиіс. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС азаматтық қорғау бойынша оқу құралын әзірледі және шығарды (ІІ кітап), бұл кітап ТЖ-да зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету тәртібіне арналған. ІІ кітапқа 20 тақырып енгізілген, ТЖ-да зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету негіздері көрсетілген. Аталған оқу құралы оқу процесін әдістемелік қатамасыз ету және Орталық тыңдаушыларын дайындауға арналған, сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдары мамандарына азаматтық қорғау тапсырмаларын және азаматтық қорғаныс шараларын орындау барысында пайдалануға ұсынылған. Оқу құралы АҚ саласындағы уәкілетті органдар басшыларының тексеруінен өтіп, келісімдерін алған және азаматтық қорғау саласындағы инновациялық тенденциялардың барлық соңғы талаптарына сәйкес келеді. Аға оқытушы Л.М.Исабаева