Пятница, 24 Май 2019 13:27

АҚ бойынша төртінші семинар-тренингтің қорытындысы

2019 жылдың 20 мамыры мен 24 мамыры аралығында АҚ бойынша жоспарланған семинар-тренинг өткізілді. Оқуға азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жататын ұйымдардан 7 адам келіп қатысты. АҚ бойынша төртінші семинар-тренингтің қорытындысы АҚ бойынша оқуға басшыларын және объектілі деңгейдегі мамандарын жіберіп, келесі ТЖ Департаменттерінің АҚБ қызметкерлері белсенді және қарекетті жұмыс көрсетті: Қарағанды (3 адам), Павлодар және Атырау (2 адамнан).
Әрбір семинар сайын орталықтың оқу-әдістемелік және кәсіби шеберлігі жетіліп, шыңдала түсуде, сондықтан да оқу процесі және сабақтар жаңа инновациялық шешімдермен толықтырылып отырады, жаңа элементтер кіргізіледі. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының қызметкерлері белсенді ат салысатын болса, Орталық АҚ бойынша ай сайын семинар-тренинг өткізуді жалғастыра береді. Оқырмандарымыздың назарына сала кетейік, ағымдағы жылдың жазында АҚ бойынша семинар-тренингтер келесі даталар бойынша өткізіледі: - 10-14 маусым, 15-19 шілде. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың өкілдерін семинарда күтеміз. Ынтымақтастық перспективасын дамыту мақсатында ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы АҚ саласында ұйымдардың басшыларын және мамандарын оқытуға дайын. Айнұр Тасиева – АҚ РОӘО оқу бөлімінің бастығы