Среда, 19 Июнь 2019 14:30

«Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналының № 2 санын шығару

Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналының кезекті санын шығарды. Журналға  материалдар дайындауға Орталықтың барлық   педагогикалық және   әдістемелік құрамы қатысты. Журналдың  әрбір  санын шығарар алдында, Редакциялық кеңестің мәжілісі өтеді, бұл жерде мақалалар қаралып, тексеріледі, журнал қызықты болу үшін және өрескел қате кетпеуі үшін бірнеше қайталап түзетіледі. Біз ақпараттарды барынша көп оқырмандарға таратуға тырысамыз. Ұжым біздің оқырмандарымызды өзіне тартатындай ақпараттарды іздестіріп тауып отырады. Журналға Азаматтық қорғау саласындағы ең соңғы бекітілген  нормативтік-құқықтық материалдар, қызықты мақалалар басылады.

Осы санынан бастап төтенше жағдайларда зардап шегушілерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге арналған  «АҚ бойынша оқу құралын» бастырып шығара бастадық, бұл оқулықты сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдарының мамандары, ұйымдар Азаматтық қорғаныс шараларын және азаматтық қорғау тапсырмаларын жоспарлау және орындау барысында пайдалануларына болады.

Аяқтай келе айтарым, жан сала істеген ауыр еңбектен кейін, өз жұмысымыздың жемісті болғанын көру бір ғанибет, оның айғағы біздің жазылушыларымыз бен оқырмандарымыздың алғысы.

 

 

 

Оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдар бөлімінің аға әдіскері               А.Нүсіпжанова