Среда, 10 Июль 2019 14:27

Жаңа шығарылым, жаңа ұсыныстар

Қауіпсіздік саласында білімді насихаттау, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.  

Орталық осы міндеттерді жүзеге асыруда белгілі бір үлесін қосып келеді, сонысымен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға белсенді ат салысып отыр.

Осы міндеттер аясында Орталық: «ТЖ туындау қауіпі және туындауы кезінде жалпы білім беру мектептерінің оқушыларын  эвакуациялау бойынша әдістемелік ұсыныстар» - деген тақырыпта жаңа басылымды әзірлеп, басып шығарды.  
Төтенше жағдайлар туындауы кезінде балалар барынша әлсіз санатқа жатады. Ағымдағы жылдың 24-маусымында орын алған Арыс қаласындағы оқиға, осының айқын айғағы. Өте көп балалар сол кезде білім беру объектілерінде болып, жоғалып кетті. Халықты эвакуациялау, әсіресе балаларды  эвакуациялау, ұйымдаспаған түрде шашыраңқы жүргізілді.
Орталықтың жаңа шығарылымы  басшыларға, білім беру объектілерінің педагог жұмысшыларына – экстремальды жағдайларда эвакуацияны дұрыс тәртіппен жүргізуге нұсқаулар береді.  
Аталған жаңа шығарылымның мазмұны «АҚ саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналының № 3 санына енгізілетін болады.  

 

АҚ РОӘО директорының орынбасары                     Б.К.Еңсебаев