Вторник, 02 Июль 2019 14:47

Балалар біздің қорғауымызға мұқтаж

Бұл мерекені енгізу соғыстан кейін бірден қолға алынды, өйткені балалардың көпшілігі соғыс әрекетінен зардап шеккен еді. Біреулер дәлме-дәл зардап шексе, енді біреулер –  эмоциональды. Іс жүзінде бұл жылдардағы барлық балалардың балалық шағы болған жоқ, жұмыс істеулеріне тура келді, барлық  мәселелерге көмектесті және тіпті  соғысты.

Иә тіпті соғыстан кейін де үлкендер жас өспірім буындарға балалық шағын қайтып оралта алмады. Міне сондықтан да, балалар қайтадан өзінің балғын шағына оралып, қуанышты және қауіпсіздікті сезіну үшін, қиын-қыстау кезеңді ұмыту үшін  барлық күшті салуға тура келді. Ал қазір, біздің кезімізде балаларымызды кімнен және не үшін қорғаймыз,   мүмкін бұл тойлау қазір онша қажет емес шығара? Үлкендердің де, балалардың да сауалнамасы бойынша олар әлі қорғауға мұқтаж. Тек қана соғыстан емес, сыртқы қаскүнемдіктен де, кейде тіпті үлкендердің өзінен қорғауға тура келеді, өйткені олар балаларды алдау үшін олардың аңқаулығын, алыстан болжай алмайтындығын  пайдаланады. Статистика бойынша әрбір оныншы бала үлкендердің агрессивті мінез-құлқынан зардап шегеді және көбінесе өздерінің отбасындағылардан. Көптеген балалар соғыс жағдайында өмір сүріп жатыр, көпшілігі аштықтан зардап шегуде. Миллиондаған балалар тіпті  болмашы білімнің өзін ала алмай жүр. Ондай балалар біздің қасымызда болмаса да, өмірдің осындай қатал шарттарын ойлай келе, біз өзіміздің қасымыздағы балалардың бақытты өмір сүруі үшін тырысуымыз керек. Әрбір адам өзінің аздаған үлесін қоса алады.  Ал қанша балалар зорлық, зомбылық көруде,  ал қаншасы өзіне-өзі қол жұмсаумен өмірін қиюда? Балалар алкоголизмі және наркоманы – бұлар да балалардың қатал шындықпен өмірден өтуінің айғағы. Осы  фактілердің бәрі ересектерді балалардың сапалы өмірі туралы жүз қайта, тіпті мың қайта ойландыруы тиіс. Балаларбіздің болашағымыз. Егер біз оларды қазір қорғай алсақ, онда уақыт өте келе біздің де арқа сүйер адамымыз болады. Біз өзіміздің құрметті балаларымыз бен жасөспірлерімізге  тек қана ең жақсы жақтарын тілейміз. Олардың бүгінгі және күнделікті бақыты үшін бірігіп қамқорлық жасайық. 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС-да «Қазақ онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеу институтынан» ем қабылдап жатқан балаларға арнап ақша жинаудың қайырымдылық қоры ашылды. Осы  акция аясында «АҚ РОӘО»ЖШС қызметкерлері мен тыңдаушылары Балаларды Қорғау Күні қарсаңында 70.000 теңгеден артық ақша жинады, оларға дәрі-дәрмек сатып алып, Орталықтың басшысына тапсырды.

  Оқытушы  Н.Б.Изатова