Среда, 17 Июль 2019 14:08

Азаматтық қорғаныс бойынша шілде айындағы семинар-тренинг

Меншік нысанына қарамастан  экономика объектісі,  барлық экономикалық және қорғаныс шараларының негізі болып табылады, ең бастысы мемлекеттік Азаматтық қорғаныстың барлық жүйесінің дайындығына байланысты басты звено болып табылады. Экономика объектісінде  адамдар мен материалдық ресурстар шоғырланған. Сондықтан да оларды оқытумен,  дайындаумен  Азаматтық қорғаныс жүйесін жоғарылатуға арналған жағдайлар жасалынады.

Шаруашылықпен айналысатын объекті қалай дер кезінде және сапалы дайындалатын болса, мемлекет көлеміндегі бейбіт және соғыс уақытында қарулардың, әскери техникалардың халық пен объектілерді қорғау құралдарының дамуын ескере отырып, Азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы да соған байланысты.

      Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, ағымдағы жылдың  15 шілдесі мен  19  шілдесі аралығында   ҚР ІІМ ТЖК «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында» Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың өкілдерімен  кезекті семинар-тренинг  өткізілді, бұл семинар-тренинг  Орталықта 2017 жылдан өткізіліп келеді.

       Семинар - тренингке   біздің Республиканың барлық бұрыш-бұрышынан әр түрлі экономика объектілерінің өкілдері қатысты.  Семинар –тренингтің барысында  тыңдаушылар үшін   оқудың барлық нысандары мен әдістері қолданылды:  лекциялар, практикалық сабақтар,  бақылау-топтық сабақтар, соғыс уақытындағы  психологиялық аспектілер бойынша тренингтер, сондай-ақ өткен тақырыптар бойынша жылдам-сауалнамалар  баға қойылу арқылы жүргізілді. Ал семинар-тренингтің маңызды  звеносы азаматтық қорғау жүйелерін бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру кезіндегі экономика  объектілерінің мамандарының, басшы құрамның әрекеттерін әзірлеу жөніндегі штабтық жаттығулар болды.

        Семинар – тренингтің аяқталған кезінде, алған білімдерін    тест сынақтарын тапсыру арқылы нығайтты және соның қорытындысы бойынша 29 сағат көлеміндегі бес күндік оқуды табысты аяқтағандары үшін белгілеген үлгідегі сертификаттарды алды.

 

ҚР ІІМ ТЖК

«АҚ РОӘО» аға оқытушысы

М.Р.Боранбаев