Среда, 24 Июль 2019 13:53

2019 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Оқу орталығы оқу процесін жақсарту жөнінде шаралар өткізді.

Төтенше жағдайларда әрекет ету жөніндегі арнайы тақырыптар бойынша өз білімдерін мезгіл-мезгіл жақсартып, арттырып отыратын қауіпті өндірістік объектілер өкілдерімен, азаматтық қорғау саласындағы ұйымдармен сабақ өткізуді ұйымдастыру жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы жаңа нормативтік құжаттар бойынша арнайы тақырыптар түзетіліп, өңделіп, оқудың жаңа бағдарламасы құрылды.

Оқытушылар құрамы жаңа нормативтік-құқықтық  құжаттарға сәйкес оқу мәселелерін, сондай-ақ қорытынды тест сұрақтары бойынша мәселелерді үнемі түзетіп отырады. Осының барлығы оқу  процесін әртараптандырады.

Мемлекеттік тапсырысты дер кезінде және сапалы орындау үшін дайындық курсын тыңдаушылармен толықтырудың маңызы зор. Бұл ТЖК  аумақтық бөлімшелерінің өкілеттігіне кіреді – бұлар ТЖ жөніндегі департаменттер,  ТЖ жөніндегі басқармалар және  ТЖ бойынша бөлімдер. Толымдау жоспарын орындау кезінде оқуға дер кезінде келмеуі және лауазымды тұлғаларды оқыту санаттарының сәйкес келмеуі   фактілері кездеседі.

       Бірінші жарты жылдықта толымдау жоспарына сәйкес 623 адам оқытылды.

Оқыту қорытындысы бойынша келесідей мәселелерге қол жеткізілді: дайындықтың жоғарғы дәрежесін иеленген тыңдаушылар 27,8%, «орташа» дайындық дәрежесін 61,6%,  «төменгі» дайындық дәрежесін 10,6% иеленді. Дайындық дәрежесін анықтау нәтижесі Оқу орталығының барлық тыңдаушыларына жеткізіледі. Тест сынағы бойынша барлық жүргізілетін шаралар және білім деңгейін бағалау азаматтық қорғау саласындағы оқуға әрбір тыңдаушының барынша мұқияттықпен, жауапкершілікпен қарауына бейімдейді. Оқитындарда білімдерін жетілдіру және белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге деген ынта-жігер пайда болады.

   Біздің оқуды кезекті талдауымыз азаматтық қорғаныс саласында, тәуекелдерді талдау және басқаруда, біздің жұмысымыз үшін ғана өзекті емес, басқа құрылымдарды жақсарту үшін де  маңызды мәселелерді шешуге, мемлекет пен қоғамның, жеке тұлғалардың тіршілік қарекеттері қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз үлестерін қосады, қазіргі бар және жаңа қауіп-қатерлерді азайту бойынша тәжірибелік ұсыныстарды таңдауға көмектеседі деп үміттенеміз.