Среда, 04 Сентябрь 2019 16:11

Орталықта оқу қайта басталды

Жыл сайынғы жазғы демалыстан кейін Орталықта оқу қайта басталды. Оқу басталғанға дейін бөлмелердің бәрі жеңіл жөндеулерден өтті, оқудың жаңа техникалық құралдары сатып алынды және орнатылды, сондай-ақ Орталықтың оқытушылар құрамы  өздерінің конспектілерін, слайдалық материалдарын жаңартты, оқу кестелерін жасады. Бір сөзбен айтқанда жаңа оқу кезеңіне жүйелі түрде дайындалды.

Енді міне 2 қыркүйекте   Орталықта  сабақ басталды. 2019 жылға  ҚР ІІМ ТЖК бекіткен Жоспарға сәйкес, орталық және жергілікті атқару органдарының басшы құрамдары мен мамандарын АҚ саласында дайындау және қайта дайындаудан өтуге 30 тыңдаушы келді.  

Сонымен, Орталықта оқу қауырт басталп кетті, сыныптарда сабақ толық қанды өтіп жатыр, тыңдаушылар аралық  тест сынақтарын тапсырады, кітапханада өз беттерімен дайындалады. Сабақ желтоқсанның аяғына дейін жүретін болады.

 

АҚ РОӘО  директорының орынбасары       Б. Еңсебаев