Вторник, 03 Сентябрь 2019 15:31

ҚР ІІМ Алматы академиясына барып өткізілген сабақ

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Орталықтың оқытушылары ҚР ІІМ Мақан Есболатов ат.  Біліктілікті арттыру курстары Алматы академиясының тыңдаушыларына барып сабақ өткізіп қайтты.  

Аталған біліктілікті арттыру курстары: «Халықпен тиімді іс-әрекет жасау әдістерімен, бұқаралық іс-шаралар кезіндегі әрекеттер алгоритмін оқыту»- деген жалпы тақырыпта өтеді, оған облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Департаменттері бастықтары және олардың орынбасарлары қатысады.

Тақырыптық сабақтардың бір бөлігі бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың туындау қауіпі және туындауы кезіндегі ішкі істер органдарының әрекет ету мәселелеріне арналған.

 «Азаматтық қорғаудың негізгі қағидалары мен міндеттері. АҚМЖ қызмет ету тәртібі және ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сабақты  Орталық директорының орынбасары  Б.К.Еңсебаев өткізді. Аталған сабақты өткізу барысында  курстардың тыңдаушыларына азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі қызметінің  құқықтық және лауазымдық аспектілері жан-жақты, егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Орталықтың аға оқытушысы М.Р. Боранбаев өткізген екінші сабақта АҚ қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі және олардың құрылымдарының міндеттері түсіндірілді.

Әрбір сабақ аяқталғаннан кейін өткен тақырып бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында  жедел-сұрақ өткізілді.

Өткізілген сабақтың қорытындысын шығару барысында тыңдаушылар Орталықтың оқытушыларына Департаменттер полицияларының ТЖ жою жөніндегі қызметтік іс-әрекеттеріне, сондай -ақ соғыс уақытында халықты қорғауға байланысты сұрақтар қойды. Курстардың тыңдаушыларына азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің негізгі талаптары бойынша нақты да тиянақты жауаптар берілді.

Мақан Есболатов ат.  Біліктілікті арттыру курстары Алматы академиясы бастығының орынбасары - полиция полковнигі Ж.Р.Дильбарханова ведомстволық ЖОО басшылары атынан Орталықтың оқытушылар құрамына мазмұнды да сапалы сабақтары үшін алғыс білдірді.

 

 

АҚ РОӘО оқытушсы                            Е. Садуақасов