Вторник, 24 Сентябрь 2019 16:32

«Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналының 3-ші шығарылымы

Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы кезекті  «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналының үшінші тоқсандағы 3-ші шығарылымын шығарды. Журналға арналған  материалдарды дайындауға Орталықтың барлық педагогикалық және  әдістемелік құрамы қатысты.

Журналды дайындау процесінде барлық мақалалар қаралып, тексеріледі және журнал шын мәнінде қызықты болуы үшін, Редакциялық кеңестің отырысында бірнеше рет түзетіледі. Біз әрбір оқушыға қажетті ақпаратты жеткізуге тырысамыз. Журналға АҚ саласындағы нормативтік-құқықтық актілер соңғы түзетуімен енгізіледі және қызықты материалдар жіберіледі. Үшінші  нөмірде «АҚ бойынша оқу құралын» басуды жалғастырамыз, бұл ақпараттарды орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың мамандарына АҚ шаралары мен азаматтық қорғау тапсырмаларын жоспарлау және орындау барысында пайдалануды ұсынамыз.  

Біздің оқырмандарымыздың алғыстарын ала отырып, біздің журнал оларға жұмыс бабында керек екенін үғына отырып, еңбегіміздің текке кетпегенін ұғыну қандай ғанибет. Біз бұған қуаныштымыз, әрине, жұмысқа қажетті ақпараттарды ұсынуға тырысамыз.

Бідің қымбатты оқырмандарымыздың есіне сала кетейік, қазан айынан бастап «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналына жазылу басталады және Қазақстанның кез-келген  пошта бөлімінен 2020 жылға жазылуға болады. Журналдың индексі 75668 қазақ тілінде, 75669 орыс тілінде.