Вторник, 08 Октябрь 2019 15:05

Азаматтық қорғау жөніндегі шараларды өткізу процесінде, Орталық «Азаматтық қорғау құрылымдары» бойынша плакаттар әзірледі

Азаматтық қорғау құрылымдары бейбіт және соғыс уақытында Азаматтық қорғау күштері құрамында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу үшін ұйғарылған.

Бұл плакаттарда: құрылуы бойынша құқықтық аспектілері, АҚҚ түрлері, АҚҚ мақсаттары мен міндеттері, бағыныштылығы және ұйғарылымы бойынша АҚҚ түрлері, АҚ құрылымдарындағы талаптар есептемелері, АҚҚ командирлерінің негізгі лауазымдық міндеттері,  Азаматтық қорғау құрылымдары түрлері бейбіт және соғыс уақытында, материалдық- техникалық қамтамасыз ету, оқыту және дайындау тәртіптері, АҚҚ бағдарлау мүмкіндіктері, дайындыққа келтіру тәртіптері, АҚҚ құжаттамалары қарастырылады.

      Бұл плакаттар ұйымдар үшін әр түрлі санаттағы тыңдаушыларды оқыту,  ұйымдарда, орталық және жергілікті атқару органдарында бұрыштарды және стендтерді ресімдеу үшін, сондай-ақ   Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін қажет.  Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,  аталған плакаттар  Орталықтың сайтында электронды кітапхана ретінде орналастырылады және де біздің Орталықта оқудан өту кезінде  тыңдаушылар сатып алу үшін еркін саудаға да қойылады.  

 

Оқытушы  Н.Б. Изатова