Пятница, 18 Октябрь 2019 15:06

Қазақстан Республикасындағы «Құтқарушылар күні»

Жыл сайын, 2008 жылдан бастап, 19 қазанда  Қазақстан Құтқарушылар күнін атап өтеді. Мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541   «Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының құрылымдарын жетілдіру туралы» Жарлығымен бекітілген. Орталық атқару органдарында да, жергілікті атқару органдарында да табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті және Елдің Азаматтық қорғанысы құрылды.

Бүгінгі таңда ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі Комитет – бұл болуы ықтимал барлық  төтенше жағдайлардың салдарларымен күрес және алдын алуда сондай жауапты міндеттерді орындайтын, Республиканың мемлекеттік органдары жүйесіндегі қуатты кәсіби құрылым.

Құтқарушылардың жұмысы өте қиын, көп қырлы және  жоғары кәсібилікті талап етеді, ол білімнің теориялық базасын тамаша меңгерумен және әрбір нақты жағдайлар кезіндегі түзетіліп отыратын практикаық әрекеттермен тұжырымдалады. Сонымен қатар, кәсіби міндетін атқару кезінде құтқарушының өмірі үнемі қауіп-қатерде жүретін болғандықтан,  бұл жұмыс өте қауіпті де. Көптеген құтқарушылар өзге адамдардың өмірін құтқарамыз деп, қиын жағдайларға тап болғанда,  өз өмірлерін қиып жататын кездері жиі кездеседі.

Құтқарушылардың маңызды міндеттерінің біріне сондай-ақ сол және басқалай қысылтаяң жағдайда азаматтың өз бетімен сауатты әрекет етуі жатады.  Осы мақсатпен ҚР ІІМ ТЖК Азамттық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында Азаматтық қорғау курстары өткізіледі.

Құтқарушылар Күні дәстүрлі мерекесін Қазақстан Республикасында шаралар мерекесін өткізумен атап өтеді, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің әр түрлі қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттайды, достық борышын орындау кезінде қаза тапқан обелисктерге, ескерткіштеріне гүл қойылады. 

ҚР ІІМ ТЖК Азамттық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы өз әріптестерін кәсіби мерекелері «Құтқарушылар Күнімен» шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейді.