Среда, 30 Октябрь 2019 14:56

«Объектілік деңгейде тұрақты қызмет істеуді арттырудың негізгі шаралары» түрлі-түсті плакаттар топтамасын әзірлеу

Орталықта ұйымдардың тұрақты қызмет істеуін арттыру ПУФ (ТЖА) бойынша түрлі-түсті плакаттардың  кезекті саны әзірленді.

     ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының (21-б.) сәйкес,  соғыс уақытында өткізілетіні белгілі Азаматтық қорғау бойынша санатқа жататын ұйымдардың және салалардың жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөнінде шараларды жоспарлау және орындау.

Сондай-ақ,  аталған заңнамалық  акті бойынша (41-б.) ПУФ бейбіт уақытқа тән төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, тұрақты қызмет істеу бойынша шараларды орындау және жоспарлау бейбіт және соғыс уақытында өткізіледі.

         Бұл  плакаттарда келесі аспектілер ашылған: ПУФ шараларының құқықтық аспектілері; объекті жұмыстарының тұрақтылығына әсер ететін факторлары; бейбіт және соғыс уақытында объекті жұмыстарының тұрақтылығын арттыру; объектідегі ПУФ бойынша комиссияның құрылымы және объектідегі негізгі міндеттері;  АҚ инженерлік-техникалық шараларының талаптарына сәйкес, экономика объектілерін орналстыру тәртібі;   жұмылдыру дайындығының жалпы шараларындағы ПУФ-тің  рөлі және орны; ПУФ шараларын жоспарлау және ПУФ құжаттамалары.

       Бұл  плакаттар тыңдаушылардың әр түрлі санаттарын оқыту, Азаматтық қорғау бойынша стендтер мен бұрыштарды безендіру барысында пайдаланылатын болады. 

       Аталған түрлі-түсті плакаттарды шығару және таралымдау 2020 жылдың басына жоспарланып отыр.

 

АҚ РОӘО аға оқытушысы              Л. Исабаева