Среда, 29 Январь 2020 15:20

2020 жылы АҚ бойынша бірінші семинар қорытындысы

20 мен 24 қаңтар аралығында АҚ бойынша жоспарланған семинар-тренинг өткізілді. Оқуға азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымнан 4 адам қатысты.

АҚ бойынша бірінші семинар-тренингтің қорытындысы бойынша, нысандық дәрежедегі басшылар мен қызметкерлерді АҚ бойынша оқытуға бағытталған, мына ТЖ  Департаменттері  АҚБ қызметкерлері белсенді және іскерлік жұмыс көрсетті: Ақтөбе (3 адам), Атырау (1 адам).

Әрине, семинардағы тыңдаушылардың аз болуы, оқу процессіне өз әсерін тигізді, әсіресе практикалық оқуларға. Себебі практикалық сабақтар топтық түрде өтеді. Бірақ, осы жағдайға қарамастан, тыңдаушылар семинар мазмұны мен жоғары дәрежеде өткені туралы өте жақсы пікірлер қалдырды. 2017-2019 ж. аралығында АҚ бойынша өткен барлық семинарлардың қорытындысы бойынша, Орталық оқытушылар құрамы белгілі бір тәжірибе жинақтады. Әр семинар сайын оқу-әдістемелік және қызметкерлердің кәсіби шеберлігі толыға түсуде, оқу процессіне жаңа элементтер мен жаңашыл шешімдер енгізілуде.

 «АҚРОӘО» ЖШС ай сайын АҚ бойынша семинар-тренинг өткізудегі жұмыстар жалғасын табады.

Ақпарат үшін хабарлама, осы жылдың 1 тоқсанында АҚ бойынша  семинарлар мына күндері  өтеді:

  • 10-14 ақпан, 16-20 наурыз.

АҚ бойынша біздің семинар-тренингке жазылушыларды күтеміз.

 

«АҚРОӘО» директоры орынбасары       Енсебаев Б.К.