Среда, 05 Февраль 2020 15:22

ЖАЗБА

Жаңа әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу. Материалдық- техникалық қамтамасыз ету тәртібін құру, азаматтық қорғау құрылымын тарту

Азаматтық қорғаныс бойынша басшы құрамды, орталық, жергілікті атқарушы органдар, санатталған ұйымдар мамандарын оқытумен қатар, «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС тыңдаушыларға қажетті әр түрлі әдістемелік оқулықтарды шығарады, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК жариялаған мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа сәйкес басқа да әдістемелік оқулықтарды әзірлеуге қатысады.

  Бүгінгі күні техникалық ерекшелігіне сәйкес Орталық қызметкерлері: «Азаматтық қорғау  құрылымын құру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету  және тарту бойынша әдістемелік нұсқаулық» әзірлеуде.

    Бұл нұсқаулықтар орталық және жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері ведомстваларымен бірге жұмыстарын ұйымдастырап, қызметін үйлестіру үшін арналған, сонымен қатар азаматтық қорғау құрылымын қамтамасыз етуді құру бойынша ұйымдастыруға, оларды әскери және бейбіт уақыта авариялық-құтқару және шұыл жұмыстарға тартуға арналған.

     Азаматтық қорғау саласы бойынша Қазақстан Республикасы занамалық актілерінің талаптары негізінде нұсқаулықты әзірлеуде, авариялық- құтқару және шұғыл жұмыстарды енгізуге, оларды дайындау тәртібіне азаматтық қорғау құрылымын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және тартуды құру тәртібіне Орталық  нұсқаулық береді. Орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін азаматтық қорғау  құрылымының қажеттілік есебі, типтік құрылымы, азаматтық қорғау құрылымының  шамамен мүмкіндіктері мен дайындыққа келтірудің типтік Жоспары беріледі.

 

 

ҚР ІІМ ТЖК

«АҚРОӘО» ЖШС

аға оқытушысы М.Р.Буранбаев