Среда, 19 Февраль 2020 14:47

«Азаматтық қорғану органдары үшін азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдарды (объектілерді) анықтау тәртібі бойынша жаңа әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу»

«Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС ҚР ІІМ ТЖК жариялаған мемлекеттік сатып алу бойынша байқауға сәйкес, әдістемелік құралды әзірлеуге қатысады.

Бүгінгі күні Орталық қызметкерлері техникалық ерекшелігіне сәйкес мына тақырыпта нұсқаулық әзірлеп жатыр: «Азаматтық қорғану органдары үшін азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдарды (объектілерді) анықтау тәртібі бойынша жаңа әдістемелік нұсқаулық».

Осы әдістемелік нұсқаулық, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарын анықтау үшін, қауіптілігіне байланысты экономика объектілерін, болуы мүмікін төтенше жағдайлар зардабының әлеуметтік-экономикалық ауқымын жоспарлау бойынша, Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғану туралы» Заңы 2014 ж. 11 сәуір 4-тарау 20-бабы, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК  аумақтық бөлімшелерінің   орындауы үшін арналған.

Әдістемелік нұсқаулықтар, мемлекеттік және қорғаныс мағынасы бар, халықты тіршілікпен қамтамасыз етуге байланысты, кешенді және сараланған азаматтық қорғаныс іс-шараларын өткізу мақсатында әзірленетін болады.

Әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеудегі негізгі принциптер:

бейбіт және соғыс уақыты кезінде халықты, объектілерді және аумақты төтенше жағдайдан қорғау басымдығы;

әскери қақтығыс пайда болған кезде шығындар мен қаза тапқандар санын төмендету;

азаматтық қоғану талаптарының негізгі принциптерін сақтау.

 

ҚР ІІМ ТЖК «АҚРОӘО» ЖШС

оқытушысы Е.Е.Садвакасов