Среда, 07 Октябрь 2020 12:20

Орталық офлайн режимде Короновирус пандемиясының әсерінен ҚР Президентінің төтенже жағдайды жариялауына байланысты, Орталықтағы сабақтар карантиндік іс-шаралар кезеңінде уақытша тоқтатылған болатын.

1 маусымнан бастап, Орталықтағы оқу процессі қайтадан басталды. Көрсетілген кезеңнен бастап сабақтар онлайн режимде, тек ғана орталық және жергілікті атқарушы органдардың тыңдаушыларымен  жүргізілуде. Орталық,  АҚ бойынша санатқа жатқызылған  қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдарға келісім шарт негізінде сабақ бойынша қызмет көрсетеді. Дегенмен де, кейбір осы объектілердің басшылары Орталыққа келіп оқығысы келетіндігі туралы ұсыныс білдірді, себебі онлайн режимде олар практикалық тәжірибе ала алмайтындығын және КШО-ға қатыса алмайтындығын алға тартты. Енді ұйымдарда осы мүмкіндік пайда болды.

      Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, 2020  жылдың 15 қыркүйегінен бастап, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтап, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, желдету жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, сүртілуі қажет беттерді күніне екі ретттен кем емес зарарсыздандырып, дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізе отырып,  білім беру орталықтарына 50%   аудиториямен қызмет етуіне рұқсат берілді.   Жоғарыда аталған барлық санитарлық нормалар Орталықта қатал қадағаланады. 

     Осыған орай ҚР ТЖМ басшылығы АҚ бойынша санатқа жатқызылған қауіпті өндірістік объектілер мен  ұйымдарының қызметерлері үшін барлық санитарлық нормаларды сақтауды есепке ала отырып, қазан айынан бастап офлайн оқытуды жүргізуге рұқсат берді.

      Біз Сіздерді әсем қала Алматыда күтеміз. Еліміз гүлдене берсін, құрметті тыңдаушылар Сіздерге игілік пен мейірім тілеймін. Амандықта жүздесейік!

 

АҚСҒЗДОҰО  АҚ директорының орынбасасары        Б.Еңсебаев