Среда, 14 Октябрь 2020 12:22

Орталық және жергілікті артқарушы орган мен Азаматық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардаңы мамандарды дайындау және халықты оқыту азаматтық қорғаудың осы заман кезеңіндегі негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Әлемдік масштабты жайлаған коронавирус пандемиясына қарамастан, объектілік дәрежеде және ұйымдарда Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша мамандардың дайындық дәрежесін артттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері талаптарына сәйкес, ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» Азаматтық қорғаныс бойынша семинар-тренингті өткізуді жалғастыруда.   

     Бұл  семинар-тренинг 2017 жылдан бастап өткізілуде, алғашқы кезде 3 күн жүргізілетін, осы жылдың басынан бастап 5 оқу күні көлемінде өткізіліп жүр, бүгінгі күні бұл семинар-тренинг қашықтықта және стационарлық  режимде жүргізіліп жатыр.

      Сонымен, қазан айының 12 мен 16 аралығында Азаматтық қорғаныс бойынша кезекті семинар-тренинг өткізілді.  Бұл семинар-тренингке өтінімдеріне сәйкес, Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған республиканың әр түрлі саладағы ұйымдарынан 33 адам қатысты. Олардың ішіндегі 1 адам – Павлодар облысынан, стационарлық жағдайда оқыды, яғни біздің Орталықтың базасында, ал 32 тыңдаушы «Он-лайн» режимінде оқыды. Онлайн оқыту тыңдаушылары үшін, барлық сабақтар дәріс түрінде өтті, көлемі 27 сағат.

      Семинар –тренинг қорытындысы бойынша екі топтың да бес күн бойы өткізілген сабақтарды меңгеруін тексеру мақсатында, бағасы қойылған тест өткізілді. 

     Семинар-тренингтің өткізілуін растау үшін, әр тыңдаушы жарамдылығы 3 жыл, белгіленген үлгідегі сертификатты алды.

     Азаматтық қорғаныс бойынша осы сияқты семинар-тренингті  ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, осы жылдың аяғына дейін өткізеді. 

 

ҚР ТЖМ «АҚРОӘО»

аға оқытушысы

М.Р. Буранбаев