Жаңалықтар

   Наурыз – бұл көктем айы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы. Бұл өте мәнді мереке және  тиісінше Наурызбен көптеген салт-дәстүрлер байланысты.  Наурыз  - бұл жер бетіне мейірімнің,  жарықтың, жылылықтың келген күні, бұл кезде гүлдер шешек жарып, құстар сайрап, дала жап-жасыл болып, бұлақтар сылдырлап, Жер бетіне жаңа жыл келеді. 

Міне де көктем келіп жетті, онымен бірге 8 наурызда келді. Айелдер халқы үшін ең сүйікті мейрамы деп айтуға болады, Ерлер жұмыстарынан босап, аналарына, қыздарын қуантуға сыйлықтарын дайындайды. Бұл салт-дәстүрдін бір түрі деп айтса да болады.

Суықтың бәрі кетіп, гүлдер шығып, әдеміленіп қоршаған ортаның жасылдануы көктем мерзімінің бір керемет жағы.

2-наурыз күні Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері Қаһарман Кәкімұлы Егалиевтің – «АҚ РОӘО»ЖШС директорының орынбасарын туған күнімен құттықтады.

Қаһарман Кәкімұлы 17 жылдан артық уақыт азаматтық қорғау саласында басшы қызметте жұмыс істеп келеді. «ҚР АҚ ТЖ»РМҚК курстары бастығының орынбасары болып жұмыс істей жүріп, Орталықтың оқу, әдістемелік және басқа да оқу қызметтерін дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауға тікелей қатысты. ОАО және ЖАО басшы құрамдары мен мамандарын дайындауда және қайта дайындауда тұрақты түрде қатысып келеді.

Көктемнің ең алғашқы күні 1наурызда Азаматтық қорғау күні атап өтіледі. Аталмыш мереке Азаматтық қорғаныс саласында білімді насихаттауда және құтқару қызметтерінің мәртебесін дәріптеуде маңызды рөл ойнайды. Әр жыл сайын Азаматтық қорғаныс күнін тойлау, халықтың өмірін қорғауға және табиғатты қорғауға байланысты тақырыптарда -  әр түрлі ұранмен өткізіледі.

«Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС-де осы мерекелік шараға арналған видеокөрме, видеороликтер дайындалып Орталықтың жеке телевизиялық жүйесінен көрсетілді. Балалар арасында жеке бас  және қоғамдық тәртіпті қорғау шаралары бойынша білімдерді насихаттауға аса көңіл бөлінді.

      27.02.2016 ж. Алматы қаласының Астана алаңында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің күштері мен құрылымдары осы саладағы техникалардың көрмесіне қатысты. Мамандар техникаларды көрсетіп, жұмыс істеу прициптері жайлы азаматтарға көптеген мәліметтер берді. Көрме қатысушыларына барлық жабдықтарды жақыннан көріп, ұстап, тәжірибе жүзінде қарауларына мүмкіндік болды.

Страница 31 из 39