Жаңалықтар

АҚ РОӘО-да 2015 жылдан азаматтық қорғау саласында дайындау және қайта дайындаудың дистанциялық оқыту формасы әзірленді және енгізілді. Оқытудың бұл формасы қауіпті өндірістік объектілердің басшы құрамына арналған.

2015 оқу жылында оқу процесі жақсы нәтиже бергені атап өтілді. Қаңтар айында тыңдаушылардың 3 санаты оқудан өтті: 1 – бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары; 2- азаматтық қорғау энергетика қызметінің басшылары; азаматтық қорғау жол және көпір қызметінің басшылары.

Көрнекі оқу құралы әр түрлі ақпараттарды, анықтамалық мәліметтерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, әрекеттерді және т.б. қысқа формада тыңдаушыларға жеткізу болып табылады. Оқудың бұл формасының артықшылығы сол, негізгі ақпарат шағын көлемде, бірақ ұғынықты, анық, суреттердің, фотографиялардың, сызған нұсқалардың, кестелердің көмегімен, кеңейтілген көлемде беріледі және оларда қысқа мәтіндер мен түсініктемелер беріліп отырады. Көрнекі оқу құралдары оқу материалдарын меңгеру кезінде жақсы толықтыру қызметін атқарады, өйтекені олар назарды ең маңызды және қажетті ақпараттарға аудартады, оның үстіне бұлар есте жақсы сақталады. 

Страница 37 из 37