Жаңалықтар

  18 наурызда Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында (әрі қарай - Орталық) «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының құрылым командирлері бірінші тобына сабақтар жүргізілді. Тыңдаушылар бірінші күннен бастап, оқытушылардың көмегімен азаматтық қорғау саласындағы жаңа нормативтік-құқықтық актілермен таныса бастады және қажетті оқу материалдарымен қамтамасыз етілді.

   2015 жылдан бастап Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында азаматтық қорғау саласында қауіпті өндірістік объектілердің басшы құрамын оқытудың дистанциялық формасы ұйымдастырылған.

  1 наурыз Азаматтық қорғаныстың бүкiләлемдiк күнін Халықаралық Ұйымы Бас Ассамблеясының IX Қарарына сәйкес, жыл сайын 50-ден астам ел атап өтеді.

  «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында» көрнекі оқу материалдары кеңінен пайдаланылады. Азаматтық қорғау жөніндегі стендтер – бұл оқу-әдістемелік стендтер, тыңдаушыларды оқытудың барынша танымал оқу құралы болып табылады, оларда әрбір адамның білуі қажет ақпараттар орын алған.

   Азаматтық қорғау саласында жаңа нормативтік-құқықтық актілердің шығуымен байланысты, АҚ РОӘО-да оқу жоспары жасалды, соған сәйкес Орталықта барлық қызметкерлер үшін жүйелі түрде кәсіби дайындықтарын тереңдету үшін оқу сабағы өткізіліп отырады.

Страница 38 из 39