Жаңалықтар

Көрнекі оқу құралы әр түрлі ақпараттарды, анықтамалық мәліметтерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, әрекеттерді және т.б. қысқа формада тыңдаушыларға жеткізу болып табылады. Оқудың бұл формасының артықшылығы сол, негізгі ақпарат шағын көлемде, бірақ ұғынықты, анық, суреттердің, фотографиялардың, сызған нұсқалардың, кестелердің көмегімен, кеңейтілген көлемде беріледі және оларда қысқа мәтіндер мен түсініктемелер беріліп отырады. Көрнекі оқу құралдары оқу материалдарын меңгеру кезінде жақсы толықтыру қызметін атқарады, өйтекені олар назарды ең маңызды және қажетті ақпараттарға аудартады, оның үстіне бұлар есте жақсы сақталады. 

Страница 39 из 39