Жаңалықтар

АҚ РОӘО және мамандандырылған психологиялық-педагогикалық түзету «Ойла»  мектебінің арасындағы жасалған шарт аясында ерекше талаптағы балаларға арналған алғашқы сабақ осы ұйымның қатысуымен өтті. 

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы жаңадан қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес, Азаматтық қорғау  республикалық оқу-әдістемелік орталығы азаматтық қорғау қызметі бойынша  екі тілде слайды  материалдарын дайындады.

Аталған  слайдыларда: қызметтің құрылу мақсаты, құрылу базасы, азаматтық қорғаудың барлық қызметінің негізгі міндеттері,  әрбір қызметтің жеке алғандағы негізгі міндеттері, қызмет жасау режімі, құрылысы,  толымдылығы, қызметтерде құрылған азаматтық қорғау құрылымдарының мүмкіндіктері, қызметтерде жасалған Жоспарлар, сондай-ақ осы қызметтерде Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі,  және бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғау қызметін ұйымдастырудың өзге де қырлары  көрсетілді.

АҚ РОӘО – Республикадағы жалғыз мамандандырылған орталық, бұл жерде азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі қызметін қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқару органдарының басшы құрамдары мен мамандары дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Объектілі деңгейде АҚ бойынша іс жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылдан ай сайын  семинар-тренинг өткізіліп отырады. Өткізілген  семинарлар барысында белгілі бір тәжірибе жинақталды. Әрбір семинар сайын қызметкерлердің оқу-әдістемелік және  кәсіби шеберліктері шыңдалып келеді, соның арқасында оқу  процесі және сабақтар жаңа инновациялық шешімдермен толықтырылып,  жаңа элементтер енгізіледі.

Айталық, оқу бағдарламасына: «Азаматтық қорғаныс саласындағы ҚР Заңнамалары» және «Брондауды өткізу тәртібі» сияқты жаңа сабақтар қосылды. Жаңа сабақпен таныстыру 17 қыркүйек пен 19 қыркүйек аралығында өтетін  10 семинар-тренинг барысында өткізіледі.

Лекцияны тиімді оқу, практикалық сабақтар және  алғашқы көмек көрсету жөніндегі  топтық  дискуссиялар.  Сабақтың сәтті өтуі үшін,  ТЖ-да алғашқы көмек көрсету жөніндегі сабақты біршама уақыттан бері өткізіп келе жатқан, Орталықтың оқытушысы ретінде,  оны жетілдіріп отыруға тырысамын.  Орталық тыңдаушыларын шынайы жағдайға жақындату үшін, арнайы  медициналық формада жүргіземін.  Теориялық та, практикалық та сабақ жүргізу кезінде      слайдалық  материалдарды, фильмдерді, арнайы электрлендірілген манекендер, дәкілер, шендеуіштер және тағы тағылар, алайда  заманауи оқытуды көрнекі құралсыз елестету мүмкін емес, өйткені олардың сабақтарда  материалдарды тиімді беру үшін атқаратын маңызы зор.

Страница 9 из 39