Жаңалықтар

       9  мамыр – Ұлы Отан соғысында біздің аталарымыз бен әкелеріміз фашистік Германияны жеңді. Ұлы Жеңіс ТМД елдерінде ғана емес Қазақстан Республикасында да тамаша мерекенің бірі болып келеді және солай болып қала береді де.

 Жеңіс Күні қарсаңында барлық мекемелерде және ұйымдарда, республиканың елді мекендерінде  даңқ мемориалына, батырлар ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады, соғыс даласында жан аямай айқасып,  соның арқасында бізге Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлермен кездесу өткізіледі.  

    Өрт жиі туындайтын және одан ешкім қашып құтылмайтын төтенше жағдай түрлерінің біріне жатады. Алайда, заманауи әдістердің жетілдірілуі мен кемелденуі арқасында қазіргі кезде өрт сияқты қауіппен тиімді күресуге болады.

АҚ РОӘО-да 2017 жылдың екінші жарты жылдығында  «Методических рекомендаций по проведению тренировок в организациях при  срабатывании охранно-пожарной сигнализации» әзірлеу жөнінде жұмыс жоспарланған.  Өрт қауіпсіздігінің жалпы жүйесінің бұл қырлары соңғы кезде өте өзекті мәселе болып отыр. Бұл ең алдымен жақында ғана Ресей Федерациясының Кемерово қаласында болған, 64 адамның өмірін жалмаған қайылы оқиғамен байланысты. 

Азаматтық қорғау қызметі бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаудың арнайы шараларын орындауға, төтенше жағдайлардың салдарларынан, заманауи зақымдаушы құралдардың соққы беру факторларынан  халықты қорғауды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, азаматтық қорғаудың арнайы шараларын қамтамасыз ету үшін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғау қызметі құрылады.  

...Тарих, инновациялық технология, кулинария, сән, спорт, автомобилдер, белгілі тұлғалар және тағы басқалар – біздің әрқайсымыз әлде неге қызығушылық танытамыз, ал бүгінгі таңда журнал біздің тіршілігімізге қатысты барлық тақырыпты қамтып шығып жатыр. Бірақ сол немесе басқа журналдың қалай шығатындығы туралы ешкім сұрақ қойды ма …?

Орталықтың қызметі негізінен мемлекеттік тапсырысты орындау – азаматтық қорғау күштерін, Орталық және жергілікті атқару органдары басшы құрамдары мен мамандарын  төтенше жағдайлар туындауы және әскери қақтығыстар немесе осы қақатығыстардың салдарлары кезінде әрекет етуге дайындықтан және қайта дайындықтан өткізу болып табылады. Аталған мемлекеттік тапсырысты Орталық қызметкерлері толық көлемде орындады, ОАО және ЖАО өкілдерінен 306 тыңдаушы базалық білім алды және азаматтық қорғау саласында белгілі бір дағдыларға машықтанды.

Страница 12 из 39