Жаңалықтар

Наурыз - Орта Азия халықтарының көпшілігі тойлайтын басты мереке, ал түркі мемлекеттері, бес мыңға жық уақыттан бері атап өтіп келеді. Наурыз көктем айы, табиғаттың оянған кезі, жаңа өмірдің басталуы. Ол 22 наурызда, күн мен түн теңескен күні атап өтіледі. Көктегі жарық  бұл күні, толық бір жыл шеңбер жасап айналғаннан кейін, өзінің ең алғашқы орнына қайта оралып,  содан кейін жаңа шеңбер бастайды.

Осы бір көктемнің шуақты күні әрбір үйде дастархан жайылып, қонақтарды күтеді, бір біріне бақыт, игілік және денсаулық пен қуаныш  тілейді.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет, Біздің басты байлығымыз бейбітшілік пен келісім. Еліміздің данышпан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздің жас мемлекетіміз Қазақстан халқы келісіммен тату-тәтті өмір сүріп келеді.

2017 жылғы ақпаннан ҚР ІІМ ТЖК басшыларының нұсқауы бойынша «АҚ РОӘО»ЖШС АҚ жөніндегі семинар-тренингі үшін  тыңдаушыларды жинап келеді. Енді 2018 жылдан бастап Азаматтық қорғау бойынша оқудан өтуге ынталы ұйымдар да өтуіне болады. Ағымдағы жылдың өзінде ғана  3 топ оқыды, бұдан кейін әр ай сайын АҚ бойынша оқудан өту жоспарланып отыр.

Халықаралық әйелдер күнін құрушы Клара Цеткин болып есептеледі — неміс коммунисі, реформатор-әйел, әйелдердің құқығын қорғауға зор үлес қосқан. Атап айтқанда, ол әйелдер тобының көш басшысы бола отырып, 1910 жылы Халықаралық әйелдер  конференциясында бүкіл әлемнің жұмысшы әйелдерінің ынтымақтастық Күнін құру туралы ұсыныс жасады.  

 Қазір Халықаралық әйелдер  Күні өзінің саяси бояуын жоғалтты. Қазіргі таңда 8 Наурыз – Көктем, Махаббат пен Сұлулық мерекесі. 

Көктемнің келуі үнемі бізге қуаныш сезімін сыйлайды, болашақ өзгерістердің белгілері көңіл-күйдің ерекше көтерілуі. Наурыз айының жылы күнімен бірге бізге тамаша мейрам —  8 Наурыз, Халықаралық әйелдер  Күні келеді. Бүгінгі таңда әйелдер көп жыл бұрынғы сияқты, тек қана от басының тыныштығын қорғаушы емес, қоғамдық өмірде, әлеуметтік салада, мәдениетте, білімде, медицинада жетекші роль атқарып келеді. Бұған мысал ретінде біздің ұжымды айтуға болады!

Жыл сайын  1 наурызда бүкіл әлемде Бүкіл Әлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Аталған ұйым өткен ғасырдың   30-ы жыдары Еуропада құрылған. Ең алғашында бұл халықтың тұрмысы нашар тобына көмек көрсету жөніндегі шағын ғана ұйым болған. Бүгінгі таңда аталған ұйым ірі Халықаралық ұйым болып табылады, оның құрамына  Еуропа, Азия  және Африка сияқты 80-нен астам ірі мемлекет кіреді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің  1997 жылғы «ХАҚҰ» (МОГО) қосылу туралы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы аталған ұйымның толық қанды мүшесі болды.  Ағымдағы жылы  1 наурызды тойлау «Азаматтық қорғаныс міндеттері және ұлттық құрылым – апаттармен күресудің тиімділігін арттырады» девизімен аталып өтті.

Страница 13 из 39