Дамуы

05.11.2011ж. ҚР Үкіметінің №1299 Қаулысымен кәсіпорын «Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС болып қайта құрылды. АҚ және ТЖ Республикалық курстарының «Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС болып қайта құрылуы бәсекелестік ортаға шығуға, Азаматтық қорғаныс және төтенше ажғдайлар саласында біліктілікті арттыру және дайындық бойынша қызмет көрсетуде қызмет аясын кеңейтуге, табыс пен рентабельділікті арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздадағы "ҚР мемлекеттік басқру жүйесін реформалау туралы" №875 жарлығына сәйкес, ҚР ТЖМ қысқартылып, ҚР ІІм ТЖ Комитеті құрылды. Бұл жұмысшылардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен қорғалуын нығайтуға, сондай-ақ оқу Орталығының материалдық-техникалық базасын дамытуға және кемелдендіруге алып келеді. Бұл басшы құрамдарды және мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар шарттарында әрекет етуге дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыстарды барынша сапалы да тиімді орындауға мүмкіндік береді. Ол басқару органдарының дайындық деңгейлерін арттыруға қабілеттендіреді.

  Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы қызметінің негізгі мәні:

біліктілікті арттыру, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында басшы құрамдар мен мамандарды дайындау және қайта дайындау;

- Азаматтық қорғау саласында азаматтарға, ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету.
        Қызметінің мақсаты болып табылатындар: 
- табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар шарттарында әрекет етуге мемлекеттік органдардың, мекемелердің және ұйымдардың басшы құрамдарын және мамандарын дайындау;
- азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға басқару органдары дайындық деңгейлерін арттыру.
 Оқу-материальдық базасы жаңартылды, олардың құрамына:
- Оқу сыныптары қабырға схемаларымен, плакаттармен, диаграммалармен, қолданыстағы макеттермен, оқудың тиісті тақырыптарымен, сондай-ақ оқудың заманауи техника құралдарымен (бейнепроекторлармен, бейнемагнитофондармен, теледидарлармен, компьютерлермен, слайдоскоптармен, кабельді телевидениемен) жабдықталған және толықтырылған;

 

                                                                 

- Оқу сыныптары, қабырға схемаларымен, плакаттармен, диаграммалармен, қолданыстағы макеттермен, оқудың тиісті тақырыптарымен, сондай-ақ оқудың заманауи техника құралдарымен жабдықталған және толықтырылған;
- Өрт шығуы кезінде әрекет ету бойынша, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған мамандандырылған оқу сыныптары, Қазақстанда алғаш рет жер сілкінісі кезінде халықтың қалай әрекет етуі жөніндегі тәжірибелік сабақтарға арналған сыныптар, бұл жерде жер сілкінісінің барлық фазасы елестетіледі және барлық салдарларын көзбен көруге болады;
- Суда құтқаруға арналған оқу сыныбы;
- Мамандандырылған оқу сыныбы, жабдықтармен, ТЖ-ны жою кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдары және құтқарушылар қолданатын шағын механизация құралдарымен толықтырылған;
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу және хроникальды – деректі фильмдермен таныстыратын кино-лекциялар залы;
- әр түрлі төтенше жағдайларда әрекет етуге арналған тыңдаушыларды киім-кешек, құрал-саймандармен, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарымен және аспаптармен жабдықтау;
- Оқу залымен кітапхана, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы заңнамалық, нормативтік-құқықтық, оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиеттермен (мемлекеттік және орыс тілдерінде), сондай-ақ нұсқаулықтармен, халықтың әр түрлі санаттарын оқыту бағдарламаларымен, журналдармен, ұсыныстармен, плакаттармен және курс тыңдаушылары өз бетімен дайындалу үшін қажетті басқа да бұйымдармен топтастырылған;
- Арнайы сынып, тыңдаушылардан дифференционалды сынақ қабылдауға арналған бағдарламалық басқару аппаратурасымен жабдықталған;
Тыңдаушыларды қамтамасыз ететін оқу құралдарын және басқа үлестірілетін материалдарды басып шығаруға арналған, көбейткіш аппаратура орнатылған ғимарат.
Оқудың техникалық көмекші құралдары бойынша: слайдоскоптардың орнына жаңа компьютерлік бағдарламамен, ноутбуктармен бейнепроекторларды оқылатын әр түрлі деректі фильмдерді, слайдыларды кеңінен көрсете отырып қолдана бастады. Тәжірибелік сабақтарда радиация, химия бойынша аспаптар пайдаланыла бастады.

 

                                                                    

«Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығында» жыл сайын 1500-2000 тыңдаушы оқудан өтеді. Орталық (бірінші вице-министрден) бастап жергілікті (облыс әкімінің бірінші орынбасарынан) атқарушы органдаға табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу, адамдарды құтқару және ТЖ-дағы материалдық шығындарды азайту, ТЖ кезінде объектілер мен аумақтарды, салаларды қалыптастыру тұрақтылығын арттыру, лаңкестікке қарсы күрес, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша шараларды ұйымдастыру жөніндегі сабақтар.

Азаматтық қорғау саласындағы орталық және жергілікті атқару органдары басшы құрамдары және мамандары;
Азаматтық қорғау саласындағы әлеуетті қауіпті өндірістер (объектілер) басшылары және мамандары;
Азаматтық қорғау саласындағы құтқару бөлімшелерінің басшы звеносы. Оқу бағдарламасында, тыңдаушыларға арналған: психология, медицина, өртке қарсы, сүңуір-құтқару және парашютті-десанттық дайындық пәндері енгізілген. Осының барлығы оқудан өткен және осы пәндер бойынша машықтанған құтқару бөлімшелерінің басшы звенолары әр түрлі ТЖ кезінде ҚР ТЖМ басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттестіте іс жүргізе алады.
Тыңдаушылардың бұл санатын оқыту үшін оқытудың жаңа бағдарламасы жасалған, дайындалған оқу-әдістемелік материалдарынан оқу құралы әзірленді.Тыңдаушыларды оқытудың аса маңызды, тиімді элементтерінің бірі оқу-әдістемелік процесіне команда-штабтық оқу-жаттығуын енгізу. Қатысушылар шолу кіріспесін алғаннан кейін, арнайы тағайындалған делдалдардың қадағалауымен авариядан, дүлей зілзаладан, апаттардан және басқалардан кейінгі пайда болған жағдайларды өз беттерімен бағалайды, төтенше жағдайларды жоюға шешім қабылдайды, әкімнің, облыс, аудан, қала әкімдері орынбасарларының және басқа (АҚ бастығы, ТЖК төрағасы, эвакокомиссия төрағасы, АҚ және ТЖ қызмет бастықтары және т.б.) лауазымдарын атқаруына байланысты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша шаралар жүргізеді, күш және құралдарды топтастыру мәселелерін, олардың арасындағы өзара әрекеттестікті шешеді.

                                                                 
    

   Бұл орталық және жергілікті атқару органдары, ұйымдардың басшылары мен мамандарына ТЖМЖ-ға кіретін күштер мен құралдарды басқару жөнінде тәжірибелік дағдыларды толықтыруға және нығайтуға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығуын тиімді, табысты өткізу үшін облыстық, аудандық, қалалық АҚ бастықтарының басқару орны құрылды. Сондай-ақ, заманауи техникалардың көмегімен, хабарландыру, ақпарат жүйелері ұйымдастырылған, олардың арасында әр түрлі аудио – бейне байланыстар бар, интернет – ресурстар тартылған. Оқу-жаттығуын жүргізу кезінде картамен, шартты белгілермен жұмыс істеу, жергілікті жерді картасыз бағдарлау және азимут бойынша қозғалыс бағаланады.Оқу-жаттығуы оқу-жаттығуына барлық қатысушылар әр түрлі облыстардың аудандарында туындаған төтенше жағдайларды жою бойынша өздері өткізген шаралар туралы қорытындымен аяқталады. Облыс басшылары және делдалдар оқу-жаттығуы барысында болған кемшіліктер мен қателіктерді көрсете отырпы, барлық өткізілген жұмысты бағалайды. Мұның тыңдаушылар үшін көп мәселелерді түсінуге, шынайы өмірде болатын төтенше жағдайларды жоюда және сол мәселелерді шешуде маңызы зор.Оқу жүйесіндегі аса маңызды құрамдас бөлігі психологиялық тренингтерді өткізу, слайд шоуларды көрсету болып табылады, бұл тыңдаушылардың оқу процесіне сәтті бейімделуіне және оқу материалдарын меңгеруіне қабілеттендіреді.

                                                                 

  Орталық қызметінің басты бағыттарының бірі – бұл тыңдаушыларды, оқу, әдістемелік, ақпараттық материалдармен сондай-ақ әр түрлі ұйымдарды азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік-құқықтық актілермен, нұсқаулықтармен, көрнекі құралдармен, оқу фильмдерімен, жаднамалармен, шартты белгілермен және басқалармен қамтамасыз ету. Материалдардың бір бөлігі жеке меншік, өз күшімен құрылған баспахана базасында шығарылады. АҚ және ТЖ саласындағы білімді мамандар мен халықтардың арасында кеңінен насихаттау үшін, орталық, жергілікті атқарушы органдардың басшы құрамы мен мамандарына, ұйымдар, меншіктің барлық түріндегі мекемелер мен кәсіпорындар, сол сияқты оқу орындарына арналған республикалық: «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар» журналы қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрады. Журналға мамандардың тәжірибелік қызметінде қолдануыларына пайдалы материалдар басылады:

 Орталықта өз кадрларын тәрбиелеу мен жетілдіруге баса назар аударылады. Кадрлар арасында тәлімгерлікті жүзеге асыру үшін, жас оқытушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесіндегі жұмыс өтілі үлкен, тәжірибесі мол, сондай-ақ ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми атақтары бар мамандар мен жұмысшылар бекітіледі. 

Қызметкерлерді жан-жақты дамыту және кәсібилікті арттыру мақсатында Орталықта арнайы тақырыптар бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған.
          «Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшы құрамдарының және мамандарының біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсететін Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылады.  АҚ және ТЖ саласында біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының өту нәтижелері, бұл: 

- АҚ және ТЖ саласындағы нормативті-құқықтық құжаттарды білу;
- ТЖ алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі тапсырмаларын жеткізу;
- ұйымдастыру және жүргізу қағидаттарын, сондай-ақ азаматтық қорғаныс тапсырмаларын білу;
- жағдайды бағалай және ТЖ жоюға шешім шығара білу;
- ТЖ аймағында күштер мен құралдарды басқару жөніндегі тәжірибелік дағдыларды игеру;
- ТЖ-да зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету тәсілдері. Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік жүйені тиімді қалыптастыруына өз үлесін қосады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқармасы жүйесінің реформасы туралы» №875 жарлығына сәйкес, қайта құру жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметті мен өкілеттігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне берілді. Азаматтық қорғау саласындағы оқу орны «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы»ЖШС мемлекеттік басқармасы жүйесінің реформасынан кейін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің оқу орнына айналды. Оның негізгі қызметі орталық және жергілікті атқару органдарының, ведомствоға жататын ұйымдардың басшы құрамдары мен мамандарын дайындау және қайта дайындау болып табылады.

 

Алматы қаласында екінші рет 25.05. мен 29.05.2015 жылы «Химиялық, бактериологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) апаттарды болдырмау жөніндегі ХБРЯ инциденттеріне алғашқы кезде әрекет ету қызметі нұсқаушыларына арналған ІІ Халықаралық семинар» өткізілді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және Евро-Атлантикалық әріптестік Кеңесі азаматтық қорғау тобы аралығындағы өзара түсіністік туралы Меморандум аясындағы негізгі жобалардың бірі.

                                                 

Өткен жылы Халықаралық семинардың өткізу сапасы мен деңгейіне семинарға қатысушылар және НАТО азаматтық қорғау тобы өкілдері жоғары баға берді. Осы маңызды шараны өткізу алдында АҚ РОӘО-ның оқу бөлімі мен оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдар бөлімі қызметкерлері үлкен дайындық жұмысын жүргізді. Семинарды өткізу үшін оқу сыныптары дайындалды, қызметкерлердің арасында химиялық және радиациялықжағдайларды болжамдау әдістемесі бойынша үлгілік, көрсетілімдік оқулар жүйелі түрде жүргізіліп отырды, оқылатын тақырыптар бойынша слайдылар әзірленді, қызметкерлер объектілерде көрсетілетін кешенді оқуларды жүргізу жоспарын талқылады, апта сайын мәжілісте аталған семинарға дайындық нәтижесі бойынша қорытынды шығарылып отырды, сондай-ақ үлестірілетін оқу материалдары, оқу бағдарламасы, суретке арналғанальбомдар,блокноттар, қаламдар және аталған семинарға арнайы дайындалған баннерлер, кюветкілер, бейджилер, вымпелдержәне т.б. шығарылды.

Семинардың жұмысына: Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Украина, Болгария, Норвегия және Қазақстан сияқты елдерден өкілдері қатысты. Семинардың салтанатты ашылуына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Жасұлан Жұмашев, сондай-ақ Евро-Атлантикалық әріптестік Кеңесі азаматтық қорғау тобының басшысы РагнерБо сөз сөйледі.

 

Семинарға қатысушыларды ерекше қызықтырған химиялық және радиациялық жағдайда болжамдау әдістемесі бойынша Орталықтың оқытушылары: физика-математика ғылымдарының кандидаты – В.В. Ильинаның (оған А.А. Тасиева және Д.А. Бектұрсынассисенттік жасады),және оқытушыХ.А.Құлымбетованың (оған Л.М. Исабаева, Ж.Т. Имашева ассистенттік жасады) өткізген сабақтары.

                                                           

Семинарға қатысушылар үшін химиялық қауіпті объектіге бару қызық та пайдалы болды, ол жердеобъекті азаматтық қорғау құрылымы және персоналдың,қаланың әр түрлі қызметтерінің, өрт бөлімшелерінің, апаттық медицина орталығының, полицияның және т.б. қатысуымен ҚӘУЗ-дің ағуына қарсы әрекет ету көрсетілді.Азаматтық қорғау полкында өткен радиоактивті заттар қолданумен инцидентке әрекет ету бойынша үйрену жаттығуы көрсетілді. Келесілердей шаралар өткізілді:

  1. барлау және радиациялық бақылаужүргізу;
  2. радиациялықзақымдалу аймағында құтқару жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. санитарлықөңдеу;
  4. техниканыдезактивациялау.

Халықаралық семинарға қатысушылардың пікірі бойынша семинар өте жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Семинардың басты мақсаты орындалды – бұл халықаралық бағдарламада көрсетілген сол міндеттерді ұғыну.