Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

20.05.2015

Қайырлы күн! Мен Сіздердің Орталықтарыңыз туралы көп естігем. Менің сіздерге қояр сұрағым: сіздерге жұмысқа орналасуға бала ма немесе міндетті түрде әскери міндетті болуы қажет па?

ЖАУАП: Сұрағыңызға рақмет, сіз бізде ақылы түрде оқысаңыз болады. Қазіргі таңда сізді мұғалім ретінде орталығымызға қабылдай аламаймыз, бос орындарымыз жоқ. Әскери міндетті болу міндетті емес.

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Ажар Мұхаметқалиқызы

21.04.2015

Сәлеметсіздерма, Сіздер азаматтық қорғау саласында ұйымдарға шығып оқытасыздар ма?

ЖАУАП: Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет Жанат. Өкінішке орай, толық оқу курсын ұйымдарда өткізе алмаймыз. Себебі, Орталықтағы әрбір класс- сабақтың тақырыптарына сәйкес оқу материалдарымен жабдықталған.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Жанат

14.04.2015

Қазіргі таңда мемлекеттік, жедел резерві жөнінде жаңадан көптеген бұйрықтар мен қаулылар шықты, сол бұйрықтар мен қаулылардың, нормативтік-құқықтық актілер жинағы сіздерде сатылымда бар ма?

ЖАУАБЫ: Мемлекеттік, жедел резерв жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жинағы бар, Орталығымыздың  әдістемелік бөліміне хабарлассаңыз болады.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Байғожаев Абзал Маратұлы

07.04.2015

Сіздің орталықтан 10.03.2015ж №115 "Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар" алуға бола ма? Егер болса, қалай алуға болады?

ЖАУАП: 10.03.2015ж №115 "Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар" туралы қаулыны бізден, оқу Орталығынан алуыңызға болады. Анықтама: 394-56-38 телефоны бойынша беріледі.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Димаш

31.03.2015

Сәлеметсіздерма, Сіздерде "ТЖ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету" тақырыбында видеофильмдер барма және оны қалай алуыма болады?

ЖАУАП:   Сәлеметсізба, бізде екі тілде DVD дискіде жазылған мындай видеофильмдер бар.

1. ТЖ кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету (орыс тілінде).

2. Клиникалық өлім кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.

3. Ұзақ уақыт қысылып жату кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Сіз бұл видеофильмдерді тапсырыс бойынша пошта арқылы ала аласыз.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН:   Ажар

19.03.2015

Қайырлы күн, дистанциялық оқыту неше бақылау жұмыстарын жазу тапсыру керек?

ЖАУАП: Сәлеметсіз бе! Дистанциялық оқыту барысында 3 бақылау жұмысын орындау және қорғау қажет.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Зулифа Ахатқызы.

11.03.2015

Сіздерден азаматтық қорғау саласындағы оқу құралдар мен жаднамаларды алғымыз келеді. Қандай тәртіппен және келісім-шарт жасасу арқылы ала аламызба және де Қарағанды қаласы болғандықтан пошта төлемдерін ким төлейді?

ЖАУАП: Сәлеметсізба, оқу құралдарды қолма-қол ақшаға немесе аударым арқылы алуға болады. Алдын ала өтініш, кепілдік хат және қойылған төлем бойынша көрсетілген оқу құралдарды тапсырыс берушіге курьерлік жеткізу қызметі арқылы жіберіледі. Жеткізу құны өнімді төлеуге арналған шотқа қосылмайды және тапсырыс берушінің есебінен төленеді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 4 бабы, 1 тармағының, 8 тармақшасына сәйкес, оқу-әдістемелік материалдарды сатып алу аталған Заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылады.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН:  Айтымбетова С.О.

06.03.2015

Сәлеметсізбе, сәуір айының 06-10 аралығында менің Сіздерде оқудан өткім келіп еді, сол уақыттарда қандай санаттағы лауазымды тұлғалар оқиды?

ЖАУАП:  Сәлеметсізбе, сұрағыңызға рахмет. Сәуір айының 06-10 аралығында

Бөлім басшылары және олардың орынбасарлары (ОАО).

Сауда және тамақ қызметі (ШБ,ҚБ)

АҚ қызметкерлері (білім беру ұйымдары және БАҚ)

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Алмат

 

 

03.03.2015

Сәлеметсіз бе, мына сөздердің қайсысы дұрыс екенін түсіндіруіңізді өтінемін: 1наурыз Азаматтық қорғау Күні ме, немесе Азаматтық қорғаныс Күні ме?

ЖАУАП: Жыл сайын 1 наурызда Бүкіл әлемдік азаматтық қорғаныс күнін (WorldCivilDefenceDay) атап өтіледі. 1931 жылы бірнеше мемлекеттің бастамасы бойынша француздың медициналық қызмет генералы Жорж Сен-Поль барлық елде қауіпсіздіктің жергілікті аймағын екі жақты және көп жақты келісім арқылы құру үшін Парижде «Женева аймағы Қауымдастығын» — «қауіпсіздік аймағын» құрды. Нәтижесінде Қауымдастық Азаматтық қорғаныстың Халықаралық ұйымы (АҚХҰ) (МОГО) болып қайта құрылды. 1972 жылы АҚХҰ үкіметаралық ұйым деген мәртебеге ие болды. Қазіргі таңда АҚХҰ-ға 50 ел кіреді және 20 мемлекет қадағалаушы мәртебесіне ие. 1990 жылы белгіленген Бүкіл әлемдік азаматтық қорғаныс күні — АҚХҰ-ға мүше елдерде атап өтіледі — оның мақсаты Азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау, ұлттық құтқару қызметінің беделін арттыру. 1 наурыз Күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні АҚХҰ Жарғысы күшіне енген, оны 18 мемлекет мақұлдаған.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы АҚХҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады және оның қызметтерінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда белсене ат салысып келеді. Осы беделі зор халықаралық ұйымның қамқорлығының арқасында жыл сайын әр түрлі тақырыптарда шаралар, конференциялар және семинарлар өткізіліп отырады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Халықаралық ұйымдар Жарғысына қосылуы туралы» N 182-1 Заңы шықты.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Диірменбаев Жақсылық Ерғалиұлы

03.03.2015

Қайырлы күн! Сіздерден дистанциялық әдіспен оқудан қалай өтуге болады?

ЖАУАП: Сіз бұл туралы сайттың ОҚУ бөліміндегі Дистанциялық бөлімінен таныса аласыз.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Бухарбаев Ринат

Страница 16 из 17