Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

06.03.2019

Сіздерге шығып отыған Сағынтаева Айнұр, бір сұрағым бар еді. Сіздерде, жөғары оқу орындарға арналған материалдар бар ма? Бар болса қандай? Рахмет.

Салеметсизбе Айнұр, сұрағыңызға рахмет. Қазіргі таңда АҚ РОӘО орталығымыздын электронды кітапханасында ( сайтымыз: www.tg-oku.kz) керекті нормативті-құқықтық материалдарды көруіңізге болады.

26.02.2019

Салеметсиздерме құрметті редакция! Сіздерге шығып отыған Сағынтаева Айнұр, бір сұрағым бар еді. Сіздерде, жөғары оқу орындарға арналған материалдар бар ма? Бар болса қандай? Рахмет.

Салеметсизбе Айнұр, сұрағыңызға рахмет. Қазіргі таңда АҚ РОӘО орталығымыздын электронды кітапханасында ( сайтымыз: www.tg-oku.kz) керекті нормативті-құқықтық материалдарды көруіңізге болады.

19.02.2019

Қайырлы күн «Өрт-техникалық минимумы» бағдарламасында күйік алғын кезде алғашқы көмек көрсету қарастырылған ба?

Қайырлы күн «Өрт-техникалық минимумы» бағдарламасында күйік алған кезде алғашқы көмек көрсету қарастырылмаған.Бірақ сіз бізге келіп күйік алған кезде алғашқы көмек көрсету жөнінде жеке оқып кетуіңізге болады.

05.02.2019

Салеметсиздерме, төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету туралы китапшаларыңыз сатуда бар ма?

Салеметсизбе, сұрағыңызға рахмет, ия, сатылуда бар, «Төтенше жағдайда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама», 2 бөлімнен тұрады.

22.01.2019

СҰРАҚ: Саламатсыздар ма? Менің атым Тынырай. Сіздерден сұрайтыным, орталықтарыңызда психогендік реакциялар бойынша бейне - фильмдеріңіз бар ма? Бар болса қалай алуға болады? рахмет.

Жауап: Саламатсыз ба Тынырай. Орталықта психогендік реакциялардан ступор жағдайына көмек бойынша ғана жасалған бейне- фильм бар. Оны орталықтан  келіп алуыңызға болады.

Жауап берген: аға оқытушы -психолог Исабаева  Л.М.

15.01.2019

Амансыздар ма? Сіздерден Өсімдіктерді зиянкестерден қалай қорғау керектігі туралы кеңес ала аламыз ба? Әмір.

Сәләматсыз ба, Әмір.

Иә, ондай кеңесті, Сіз жаңадан редакцияланып шығып жатқан «Азаматтық қорғау жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралынан» таба аласыз.

08.01.2019

Қайырлы күн! Төтенше жағдайды қабылдауға адамның кәсібінің қатысы бар ма?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Зағира. ЖАУАП: Дауленов Н.М. Қайырлы күн Зағира ! Әрине, адамның төтенше жағдайды қабылдауына көптеген факторлармен қатар кәсібінің де қатысы міндетті түрде бар. Бір сарында жұмыс жасайтындарға қарағанда, күнделікті қауіп-қатермен жұмыс жасайтын мамандардың иелері ТЖ-ны жеңіл қабылдайды.

24.12.2018

Саламатсыздар ма? Атым Арайлым, 3-курс студентімін. Менің Орталықтарыңыздың психологына қояр сұрағым, кішкентай балалар үшін төтенше жағдайдан алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша материалдарыңыз бар ма? Рахмет

Қайырлы күн  Арайлым. Біздің Орталықта  төтенше жағдай кезінде балаларға алғашқы психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістері бойынша материалдар  бар.  Орталыққа келіп, керекті материалдарды ала- аласыз.

 Жауап берген: пс-г Исабаева Л.М.

04.12.2018

Салемтесіздер ме! Сырт мекемелерден келушіліер және біздің кәсіпорын аймағында орналасқан басқа заңды тұлғаның жұмысшылары біздің кәсіпорын аумағында жұмыс жасау үшін (қауіпті емес жұмыстар)өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша оқудан және білім тексеруінен

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Исин Айтбек. Сәлеметсіз бе, Айтбек. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңының 11-бап 6-шы тармағына сәйкес (бұдан әрі - Заң), қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге міндетті. Сондықтан сырт мекемелерден келушілер және басқа заңды тұлғаның жұмысшылары Сідің қауіпті кәсіпорын аумағына белгiленген талаптарға сай кіруі тиіс. Сонымен қатар Заңның 12-бап 5 тармағына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың бiлiмдерi тексерiлуге жатады.

28.11.2018

Сәлеметсіз бе! Соңғы кездері үйлену тойларын, мерей тойларды және басқа салтанатты мерекелерді өткізу кезінде кафенің қасында отшашулар жағу сәнге айналды. Қандай жағдайларда қасында тұрған үйлер зардап шегуі мүмкін?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Айдана Маратовна

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Аға әдіскер   А.А. Жақсылықов

ҚР Ішкі істер Министрі міндетін уақытша атқарушының  2005 жылғы 23 сәуірдегі «Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданумен жасалған бұйымдарды  кіргізу, шығару, жою, тасымалдау, пайдалану, есепке алу, сақтау ережесін бекіту туралы» №242 бұйрығына сәйкес, отшашуды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың ішкі істер органдарымен келісілген  лицензиясы және рұқсат етілген құжаттары болуы тиіс, өйткені қызметтің бұл түріне бақылауды солар жасайды.

Страница 3 из 17