Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

03.10.2018

Қайырлы күн, дистанциялық оқыту неше бақылау жұмыстарын жазу тапсыру керек?

ЖАУАП: Сәлеметсіз бе! Дистанциялық оқыту барысында 3 бақылау жұмысын орындау және қорғау қажет.

25.09.2018

СҰРАҚ: Саламатсыздар ма? Менің атым Тұрсынай. Сіздерден сұрайтыным, орталықтарыңызда психогендік реакциялар бойынша бейне - фильмдеріңіз бар ма? Бар болса қалай алуға болады? рахмет.

Жауап: Саламатсыз ба Тұрсынай. Орталықта психогендік реакциялардан ступор жағдайына көмек бойынша ғана жасалған бейне- фильм бар. Оны орталықтан  келіп алуыңызға болады.

Жауап берген: аға оқытушы психолог Исабаева  Л.М.

19.09.2018

Сіздердің Орталықтарыңызда Азаматтық қорғаныс туралы жаңа семинар-тренинг ашылыпты ғой. Тікелей осыған арналған оқулық бар ма? Алматы тұрғыны Аңсаған

Жауап: Орталықтан Азаматтық қорғаныс бойынша жақында жаңа оқулық шықты (екі тілде), қажет болса Орталыққа хабарласуыңызға болады тел: 394-56-38.

12.09.2018

Қайырлы күн! Заман талабы мен заңнамаларға сәйкес, Сіздерде төмені сынып оқушыларына арналған Төтенше жағдайлар туралы оқу құралы бар ма? Мирас

Сәлеметсіз бе!

Бізде Сіз сұрап отырған оқу құралы екі тілде де болған. Бірақ ол ескірді. Ал жаңа оқу құралын оқырмандардың сұранысына сәйкес шығарамыз.

04.09.2018

Қайырлы күн! Сіздерде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардағы іс- әрекеттер жайлы плакаттар бар ма?

Қайырлы күн, Ардақ! Иә, біздің мамандарымызбен заңға сәйкестіріліп әзірленген  плакаттар бар, сіз сұраған плакатта бар, хабарлассаңыз толық ақпарат беруге дайынбыз : 8 (727)394 - 56 - 38.

Сұрағыңызға рахмет ! 

17.07.2018

Амансыздар ма? Өрт сөндіру жөнінде сұрақтарым бар еді? Дәлірек айтса, қайда қалай сөндірілетінін және өртті сөндіретін команда құрамасын нақты қай құжаттан таба аламын? Кенесары.

Сәләматсыз ба, Кенесары.

Өрт сөндіруге байланысты нақты мәліметті ҚР ІІМ 26.06.2017 жылғы №446 бұйрығынан таба аласыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, 394-56-36 нөміріне хабарласыңыз!

04.07.2018

Қайырлы күн! Есімім Арман. Сіздерге қояр сұрағым жер сілкінісінің арасындағы ең қауіптісі болып қай түрі есептеледі?

Қайырлы күн Арман! Жер сілкінісінің негізгі төрт түрі бар, солардың арасындағы ең қауіптісі тектоникалық жер сілкіністері.

Аға әдіскер Дауленов Н.М.

26.06.2018

Қайырлы күн! Сіздердің сайттарыңызда ашылған электронды кітапханаға қуаныштымын. сұрағым электронды кітапханадан сіздердің тоқсан сайын шығатын журналды ала аламыз ба?

Сәлемсізбе ! Сұрағыңызға рахмет әзірге әлі орналастырмадық болашақта жоспарда бар.

Жауап берген Оқу әдістемелік бөлімінің бастығы - Булыбаева Б.

19.06.2018

Саламатсыздар ма? Атым Бағила, 2-курс студентімін . Менің Орталықтарыңыздың психологына қояр сұрағым, кішкентай балалар үшін төтенше жағдайдан алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша материалдарыңыз бар ма?Рахмет.

Жауап:  Қайырлы күн  Бағила. Біздің Орталықта  төтенше жағдай кезінде балаларға алғашқы психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістері бойынша материалдар  бар.  Орталыққа келіп, керекті материалдарды ала аласыз.

 Жауап берген: пс-г Исабаева Л.М.

23.05.2018

Саламатсыздар ма, атым Мөлдір. Менің қояйын деген сұрағым, Республика бойынша хабарландыру жүйесін қосуға жарлықты кім береді?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Мөлдір

ЖАУАП: Оқытушы Жаксылыков А.А.

Жауап: Саламатсыз ба, Мөлдір. Республикалық деңгейде хабарландыру жүйесін қосуға өкімді -Үкімет береді. Ол туралы Азаматтық қорғау туралы заңда жазылған.

Страница 4 из 16